Нұрсұлтан Назарбаев машинис әйелдің хатына жауап жазды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Нұрсұлтан Назарбаев машинис әйелдің хатына жауап жазды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Порталдың мәліметінше, "Екібастұз МАЭС-2 станциясы" АҚ-тың отын беру машинисі Галина Михнова Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазып, Елбасының жауабын алды. Ол хатта өзі туралы айтып, Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауындағы жеңісі және келе жатқан туған күнімен құттықтады.
"Мен Қазақстанда туып-өскеніме шексіз бақыттымын. Екібастұз МАЭС-2-де отын беру машинисі болып 20 жылдан аса еңбек етемін. Сіздің көрегендігіңіздің арқасында біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз", - деп жазды Михнова, сонымен қатар, ол Елбасына өлең жолдарын арнады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың жауап хатын Михноваға Павлодар облысы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Жанат Хамметов табыс етті. Жауап хатта былай делінген: "Құрметті Галина Васильевна! Хатыңыз, менің қызметіме арналған ізгі тілегіңіз бен өлеңіңізге рахмет. Екібастұз қаласының және сіз жұмыс істеп жатқан станцияның құрылуы менің қатысуыммен өткен. Бұл өндірістік алыптар - Қазақстанның мақтанышы. Сізбен бірге жұмыс істейтіндердің бәріне сәлем айтыңыз. Менің ең игі тілектерімді қабыл алыңыз".