10 қазан 2014 | 17:37

Ислам Кәрімов ТМД саммиттерінің қазіргі кейпін пиар деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ислам Кәрімов. ©РИА Новости Ислам Кәрімов. ©РИА Новости

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов ТМД-ның мемлекет басшылары деңгейіндегі саммиттерінің қазіргі түрі пиардан басқа түк емес деп есептейді және Достастық жұмысының келешегі туралы талқылауға шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов ТМД-ның мемлекет басшылары деңгейіндегі саммиттерінің қазіргі түрі пиардан басқа түк емес деп есептейді және Достастық жұмысының келешегі туралы талқылауға шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәрімов ТМД-ны одан әрі дамыту перспективалары туралы ашық талқылайтын кез жеткенін айтқан Беларусь президенті Александр Лукашенконың сөзін еске салды. 

"ТМД-ға байланысты осы мәселелерді бүгінгі талқылағанымыз біздің ол мәселелерге босқа мән бермейтінімізді тағы бір көрсетті деп есептеймін. Мен өткен жолы да осы жерде отырып айтқанмын, осылайша бұл процестер одан әрі жалғасады, біз осындай кезекті саммит отырыстарына, осында және басқа елдерге бара береміз деп есептеу, меніңше, пиар ғана, басқа түк емес. Сондықтан мен осы мәселелерді, әсіресе, ТМД-ның келешегін салмақты түрде талқылау керек деп есептейтін көптеген әріптесімнің пікіріне қосыламын", - деді Өзбекстан президенті ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында, отырысты "24.KZ" телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Ол сонымен бірге, посткеңестік кеңістікте басқа да интеграциялық ұйымдар құру ТМД қызметіне кедергі келтіреді деп есептемейтінін айтты. Оның пікірінше, әрбір мемлекетаралық ұйымның, атап айтқанда, ТМД-ның өз жұмысын өз бетімен қалыптастыруы, өз күн тәртібі, тұжырымдамасы мен өзгелердікіне ұқсамайтын ұзақмерзімді даму бағдарламасының болуы маңызды. "Егер осы жағдайлар сақталмаса, елдердің келісілген қызметінің болатынына иек арту қиын", - деді Кәрімов.

Өзбекстан президенті ТМД-ның маңызын айқын көретінін айтып, көпшіліктің ТМД елдерінің ұйымның келісім базасында жасалған қарым-қатынассыз-ақ өмір сүре алатынын ойлай бермейтінін жеткізді. "Грузияның өзі кезінде үлкен қателік жібердік деп есептейді. ТМД кеңістігінде тұрақты дамуды қамтамасыз ету ең алдымен біздің өзімізге, Достастық мемлекеттеріне байланысты. Мен алыс-жақын көршілермен тіл табысуға, ойластырылған әлеуметтік-экономикалық саясатты тиімді жүргізуге, халық үшін лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге, қоғамды шешуші міндеттерге жұмылдыруға дайындығымыз туралы айтып тұрмын", - деді ол.

Кәрімов ТМД кеңістігінде толық еркін сауда аймағын жедел іске қосуды қолдайтынын айтты. "Бүгін мен біздің қарым-қатынастарымыз нығая түсуі үшін бұл режимді анағұрлым тартымды модель ретінде іске қосатын кез келгенін айтқан Владимир Владимирович Путинді үлкен ризашылықпен тыңдадым. Бұл - біздің халықтарды жақындастыратын, біз босқа мән беріп жүрген мәселелерді біржола шеше алатын жалғыз экономикалық модель", - деді ол.

Еске сала кетейік, ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығын дамытудың жаңа тұжырымдамасын жасауды ұсынған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети