АҚШ-тың Қазақстандағы істерінің уақытша сенімді өкілі Джон Ордвей ҚР билігіне бірнеше кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
АҚШ-тың Қазақстандағы істерінің уақытша сенімді өкілі Джон Ордвей ҚР билігіне бірнеше кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бірінші кеңес - экономикадағы мемлекет ролінің маңызды азаюына ерекше көңіл аудару. Бұл қазір құнды қағаздардың жоқтығынан зардап шегіп отырған капитал нарығын қалыптастыру үшін маңызды. Екінші кеңес - шағын және орта бизнесті дамыту және қызмет көрсету саласы мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры холдингіне кірмейтін компанияларды қолдау", - деді америкалық елші "Қазақстан-2050" Стратегиясын іске асыру мен Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтағы ролі" атты дөңгелек үстелде.
"Тағы бір жайт: сіздер Үкіметте қайта жасақтау жүргіздіңіздер, әрине, белгілі бір оң нәтиже бар. Бірақ қазір Үкімет өзін мейлінше тиімді көрсете білуі тиіс, мейлінше тиімді, жылдам жұмыс жүргізе білуі тиіс. Шапшаңдық - бәсекелестігі жоғары әлемде бәсекеге қабілетті болудың кілті", - деді Ордвей.
Ол "демократиялық институттарды кезең-кезеңмен дамыту" туралы да кеңес берді. "Жуырда мен Президент Назарбаевтың еркін нарықтың еркін қоғамсыз дамымайтынын айтқанын естідім. Егер біз 2050 жылға дейінгі кезеңді қарастырып отырсақ, бұлар - тұрақты, болжауға болатын, ұзақ мерзімді даму мен гүлденудің абсолютті алғышарттары", - деді дипломат.
Ордвейдің айтуынша, тағы шешуші спектр - агроөнеркәсіп кешенін дамыту. Ол мұны алдағы 20 жыл ішіндегі ең маңызды міндет санайды.
Елші АҚШ-тың Қазақстандағы мемлекеттік билікті орталықсыздандыру жөніндегі жұмысты жақсы бағалайтынын айтты. Сонымен бірге, ол Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылудың соңғы кезеңінде тұрғанын да жеткізді. Ордвейдің айтуынша, бұл бағыттағы күрделі аспектілердң бәрі осы жылдың соңына дейін шешіледі.
"Біз Қазақстанды экономикасы әртараптанған ел ретінде көргіміз келеді, бірақ біз мұнай өндіру секторын шетелдік компаниялардың аз инвестициялап жатқанын түсінеміз. Сондықтан шикізаттық емес салаға инвестиция тартуды жандандыру жөніндегі шаралар мен бастамаларға мониторинг жүргізу қажет. Егер олар жеткіліксіз болса, инвестициялар көлемін ұлғайту үшін не істеуге болатынын қарастыру керек", - деді АҚШ істерінің уақытша сенімді өкілі.
Ол өз сөзінде америкалық компаниялардың Қазақстанға өзге шетелдіктерден бұрын келгенін еске салды. "Біз Қазақстандағы ең ірі инвестор болып қала бермекпіз. Біз Қазақстанда тұрақтылықты, бостандықты дамытудағы мүддеміз ортақ деп есептейміз", - деді спикер.