"Шаршадым, карьерамды аяқтағым келеді" - Илья Ильин

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© instagram/ilyailyinforever © instagram/ilyailyinforever

Қазақстандық зілтемірші, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин Instagram желісіндегі парақшасында 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленіп, содан кейін карьерасын аяқтауды армандайтынын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық зілтемірші, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин Instagram желісіндегі парақшасында 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленіп, содан кейін карьерасын аяқтауды армандайтынын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"24 жыл бұрын осы балақай ағасымен бірге ауыр атлетика залына келіп, әлі күнге дейін сол залда жаттығып жүр! Ол көптеген жеңіске жетті, алда талай жеңістер күтіп тұр! Оған спортта және жалпы өмірде қолдау көрсетіп жатқан жақындары мен туыстарына алғыс айтамын!

(...) Қазір жасым 30-ға келіп қалды, әлі залда жүрмін... Иә, мен шаршадым... Бірақ спорттық карьерамды Токиода алтын медаль алып аяқтағым келеді!

Бұрын өзіме тапсырма бергенмін, қазір сол тапсырманы орындап келе жатырмын. Біреуге өзімнің күшті екенімді немесе таза екенімді дәлелдеу үшін емес. (...) Шаршадым, карьерамды аяқтағым келеді! Карьерамды әдемі аяқтай алмасам да, спорттық жолым сәтті болды деп санаймын", - деп жазған спортшы.


© instagram/ilyailyinforever

"Қиындықтардан өтіп, жеңіске жетеміз". Ильин денсаулығы жайлы айтты

Еске салайық, Ильин Ашхабадта өткен әлем біріншілігіне қатысуы керек болатын. Алайда омыртқасындағы жарақат салдарынан одан бас тартты. Бұл 2008 және 2012 жылғы Олимпиада жүлдесінен айырылуға себеп болған допинг дауынан кейін, екі жылдан бергі алғашқы әлемдік жарыс болу керек еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro