12 маусым 2024 | 11:49

Қазақстандағы жолдардың нашарлығына не себеп? Әлихан Смайылов айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) төрағасы Әлихан Смайылов Қазақстандағы жолдардың бұзылуына ықпал ететін негізгі факторды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) төрағасы Әлихан Смайылов Қазақстандағы жолдардың бұзылуына ықпал ететін негізгі факторды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Смайылов Мәжілісте есеп берді. Оның айтуынша, жол саласында бәрі "алаңдатарлық жағдайда", өйткені жедел шешуді талап ететін елеулі жүйелік кемшіліктер анықталған.

"Соңғы төрт жылда автомобиль жолдарын салуға, реконструкциялауға және күтіп ұстауға шамамен 1,9 триллион теңге бөлінді. Аудит деректері бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автожолдардың үлесі небәрі 72 пайыз болады. Жолдардың бұзылуына ықпал ететін негізгі фактор - рұқсат етілген массаны бұза отырып, ауыр көліктердің өтуі. Бұл проблема тасымалдау процесінде жекелеген қатысушылардың мүддесін қолдау және мемлекеттік органдардың принципті ұстанымының болмауы себебінен көптеген жылдар бойы бар және шешілмей келеді. Автоматтандырылған өлшеу станциялары белгілеген заңбұзушылықтар дұрыс тіркелмейді", - деді Смайылов.

ЖАП төрағасы ауыр жүк көліктерінің жалпы пайдаланымдағы жолдармен жүруіне үзілді-кесілді тыйым салу қажет екенін мәлімдеді және мемлекетке келтірілген залал үшін жауапкершілікті күшейту керек дейді.

"Сонымен қатар, жолдар жағдайының нашарлауына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді және сараптамадан өткізуді талап етпейтін жолдарды орташа жөндеу жобаларын іске асыру ықпал етіп отыр. Мемлекет кепілдік берген халықаралық несиелер бойынша жобаларды басқару сапасының төмендігі анықталды. Оларды жүзеге асыру мерзімі созылып кетеді", - деп қосты Смайылов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети