Алматы полицейлері биыл 150-ден аса секс-притонды жапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Cондай-ақ, Алматы қалалық Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасы қызметкерлерінің ҚР Қылмыстық кодексінің128-бабына сәйкес, адам саудасымен айналысу дерегін және ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабына сәйкес, адам ұрлаудың сегіз дерегін анықтағаны айтылады.
"37 жеңгейтайлық дерегі, жезөкшелікке тартудың 19 дерегі анықталды. Сонымен қатар, жезөкшелікпен айналысуға ғимарат беріп, жеңгейтайлықпен айналысқан 169 адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 450-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топпенкүрес басқармасының басшысы Берік Әбілбеков.