07 қазан 2014 | 16:48

Еңбек Ерінің өлімі бойынша айыпталушы 16 қазанда сот алдына келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысының құрметті азаматы Станислав Куржей. ©wikipedia.org Павлодар облысының құрметті азаматы Станислав Куржей. ©wikipedia.org

Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Социалистік Еңбек Ері Станислав Куржейдің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еңбек ардагері үйі тоналған кезде өлтірілген болатын.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Социалистік Еңбек Ері Станислав Куржейдің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еңбек ардагері үйі тоналған кезде өлтірілген болатын.

Сот өкілдері Павлодар облысы Солнечный ауылының 23 жастағы тұрғыны Сабирьян Васильев "Ұрлық", "Қарақшылық" және "Асқан қатыгездікпен кісі өлтіру" баптары бойынша айыпталып отырғанын хабарлады. Егер оның қылмысы дәлелденсе, кемінде 10 жылға және одан да көп мерзімге бас бостандығынан айырылады. Соттың мәліметінше, процесс Екібастұзда өтеді. Ашық түрде өтетін сот отырысы 16 қазан күнгі сағат 11.00-ге белгіленген.

Тергеудің мәліметінше, айыпталушы өлтірілген ардагердің ұлымен таныс болған және олардың отбасына бөтен емес. Ол иесі жоқ деп ойлап, Куржейдің үйін тонап кетпек болған. Полицияның мәліметінше, күдікті зейнеткерді өлтіруді алдын ала ойластырмағанын айтты. Сабирьянов үйді тонау кезінде ұсталып қалады да, зейнеткер өзін кімнің тонап кеткенін айтып қоймауы үшін оны өлтіреді.

Еске сала кетейік, 90 жастағы Социалистік Еңбек Ері Куржейдің денесі 13 маусым күні таңертең өз үйінен табылған болатын. Оның денесін үй жинаушы әйел көрген. Үйден бағалы заттар мен ақша жоғалған, күдікті онымен бірге марқұмның баласының Honda маркалы автокөлігін де айдап әкеткен. Сол күні Екібастұз қаласынан бірнеше шақырым жерде Солнечный ауылының үш тұрғыны ұсталды. Кейін тергеу ұсталғандардың екеуінің адам өлтіруге қатысы болмағанын анықтады. Олар кездейсоқ жолсерік болып шыққан және мінген көліктің ұрланғанғанын білмеген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети