05 қыркүйек 2019 | 09:46

Шымкент ауруханасында медбикені зорлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте нефролог дәрігер жұмыс орнында медбикені зорлады деген күдікке ілінді. Оқиғаның мән-жайы туралы "НеМолчи" қоғамдық қорының ерікті заңгері Данияр Жиенбаев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте нефролог дәрігер жұмыс орнында медбикені зорлады деген күдікке ілінді. Оқиғаның мән-жайы туралы "НеМолчи" қоғамдық қорының ерікті заңгері Данияр Жиенбаев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жиенбаевтың айтуынша, зорлау ісі 16 сәуірде Шымкенттегі облыстық клиникалық ауруханада болған. Зорлықшы мен жәбірленуші бірге жұмыс істеген.

"Зорлау әрекеттері кешкі сағат бес шамасында болды. Олар әріптестер, нефрология бөлімінде бір кабинетте жұмыс істеді. Күдікті - нефролог дәрігер. Сол күні ол еңбек демалысынан шыққан. Егер әйел зорланған болса, онда оны қоғамда табалатайтындар көп болады. Ол қарапайым ғана ауылдың қызы. Ата - аналары, туыстары мен көршілері-барлығы бұл туралы білді. Олар оны азғын деп табалайды. Бізде әйелдердің өздері кінәлі деп ойлайды. Өмірде жолы болмаған ер адамдар осылай санайды. Әйелдің демалуға, қуануға, таңғы 3-4-ке дейін кафеде болуына қақы бар. Бірақ осы үшін зорлау керек деген сөз емес", - дейді ол.

Қор өкілінің айтуынша, бас күдікті - дәрігер, 30-дан асқан адам үйленген және екі баласы бар. Медбикенің де қызы бар. Қорланған әйел әл-Фараби аудандық ішкі істер басқармасына барып, арыз берген. 21 мамырда дәлелдемелер мен қылмыс құрамының болмауына байланысты іс жабылды. 22 мамыр күні жас әйелді қорғау өкілдері әл-Фараби ауданының прокуратурасына қылмыстық істі заңсыз тоқтату туралы шағым түсірді. Бір айдан кейін іс тергеуге қайтып келді.

Оның айтуынша, қыз сол ауруханада жұмыс істейді. Сондай-ақ, қор өкілі күдіктінің әріптесімен татуласуға тырысады екен.

"Ол одан кешірім сұрап, хат жазды. Қателікке бой алдырғанын айтады. Басынан бастап оған ешқайда кетпеу туралы қолхат берілген жоқ. Нәтижесінде, зорлықшы жаз бойы әртүрлі елдерде қыдырып жүр. Фотосуреттерді ашық әлеуметтік желіге шығарады. Яғни, тергеуші оған мүлде ескертпеген көрінеді. 75 күн ішінде оны бетпе-бет кездесуге шақырған жоқ", - деп қорытындылады ер адам.

Шымкент қаласы полиция департаментінің өкілдері күдіктінің ұсталғанын айтады.

"Осы дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабының 1-бөлігі ("Зорлау") және ҚР ҚК 121-бабының 1-бөлігі ("Жжыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері") бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті ұсталды. Айыптау актісі бар қылмыстық іс әл-Фараби аудандық прокуратурасына жіберілді", - деді Шымкент полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының аға тергеушісі, полиция подполковнигі Айнұр Омарова.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети