13 маусым 2014 | 19:17

Қазақстандық плазмалық қондырғыға қызығушылар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жасап шығарылған ТЭЦ-тегі көмірді жағуға арналған плазмалық қондырғыға Түркия қызығушылық танытуда. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жоба авторы, Қазақстан ұлттық ғылыми кеңесінің энергетика жөніндегі төрағасының орынбасары Владимир Мессерле мәлім етті.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жасап шығарылған ТЭЦ-тегі көмірді жағуға арналған плазмалық қондырғыға Түркия қызығушылық танытуда. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жоба авторы, Қазақстан ұлттық ғылыми кеңесінің энергетика жөніндегі төрағасының орынбасары Владимир Мессерле мәлім етті.

Ғалым Түркияда кен орындары өте аз болғандықтан жергілікті энергетиктер көмірдің жылдам жанып кетпеуінің жолдарын қарастыруда. "Бізде көмірді газификациялайтын плазмалық технология бар. Біз оларға сапасы төмен қоңыр тасты қалай қыздыратынын көрсеттік. Қондырғы түркиялықтардың көңілінен бірден шықты. Енді олар бізге қоңыр тас өндірілетін Измир ауданы аумағына электр станциясын салуға қолқа салып отыр", - деді Мессерле.

Одан бөлек плазмалық қондырғыға Қырғызстан да қызығушылық танытып, Бішкектегі электр станциясына орнатуды көздеп отырған сыңайлы. Алайда қырғызстандық энергетиктер дәл қазір ол қондырғыны орнатуға қаржы таба алар емес. Ғалымның айтуынша, Қырғызстан бұл жобаны Кедендік Одаққа кіргенге дейін шегеріп қойыпты.

Ұлттық ғылыми кеңестің өкілдері жаңа қондырғыны өз еліміздегі Астана, Ақсу мен Өскемендегі энергетикалық кешендерге орналастыру бойынша келіссөздер жүргізуде.

Бұған дейін хабарланғанындай, плазмалық қондырғы Алматыдағы ТЭЦ-2-де сынақтан өткен болатын. Алайда ол уақытта сынақ аса сәтті өте қоймағаны айтылған. Осыған байланысты отандық ғалымдар бұл қондырғыны одан әрі жетілдіру жолдарын қарастыруға кіріскен еді.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети