Алматыда автобус пен жеңіл көліктің жүргізушілері төбелесті. Төбелес кезінде бұрыш баллонын қолданған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Алматыда автобус пен жеңіл көліктің жүргізушілері төбелесті. Төбелес кезінде бұрыш баллонын қолданған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 20 қазанда 16:00-де Жандосов көшесінің бойында болған. № 22 автобус батыс бағытта кетіп бара жатқан. Жолаушылардың айтуынша, оқиға "Асқар" дүкені маңында тоқтаған кезде басталған. Біреулер Toyota Yaris көлігімен автобустың жолына таласқан.
"Олар оң жақтан қысып, айғайлап, балағаттап, қоғамдық көліктің жүргізушісі өздеріне қозғалысқа кедерге келтіргендерін айтып жатты. Автобус олардың әрекетінен дереу тоқтап қалды, жүргізуші оларға жауап қайтара бастады. Жолаушыларда наразылық танытты. Сосын жеңіл көлік мінгендер кетіп қалды да келесі бір аялдамада бізді күтіп алды. Біз тоқтаған уақытта олар жүгіріп келіп, жүргізушіні сүйреп шығарды. Көшеде төбелес басталды: Toyota жүргізушісі бірінші болып соққы жұмсады. Қоғамдық көлік жүргізушісі де қарап тұрмады. Осы кезде жеңіл көліктің жүргізушісі артынан жүгіріп келіп, біздің жүргізушінің бетіне бұрыш баллонынан сұйықтық шашып жіберді. Сосын жолаушылар түсіп ажыратуға кірісті", - деді куәгер Бақытжан Жұматаев.
Куәгер Бақытжан Жұматаев
Осыдан кейін, автобус жүргізушілері полиция шақырған. Олар келгенше, куәгерлердің айтуынша, жолаушылар төбелескендерді ұстап тұрған.
Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, төбелескен екі тарапта Наурызбай аудандық полиция басқармасына жеткізілген.
"Автобустың да жеңіл көліктің де жүргізушілері арыз беруден бас тартқан. Олар бір-біріне араз еместігін айтқан. Олар бұрыш баллонын қолданғанын жоққа шығарды", - деді ПД баспасөз қызметінің өкілдері.