Павлодарда үш бала Желідегі өлім ойындарына қатысып, қолдарын тілгілеп тастаған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© On Kavkaz © On Kavkaz

Павлодарда үш бала әлеуметтік желілердегі өлім ойындарына қатысып, қолдарын тілгілеп тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда үш бала әлеуметтік желілердегі өлім ойындарына қатысып, қолдарын тілгілеп тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Интернет-кеңістікте, әлеуметтік желілерде "Синий кит" немесе "Тихий дом" ойындары таралған. Павлодар облысындағы үш ауданда осындай жеті дерек тіркелген, солардың үшеуінде балалар білектерін тілгілеп тастаған. Бұл деректер "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеулер реестріне тіркелді, - деп хабарлады баспасөз мәслихатында Павлодар облыстық прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саласына бақылау жүргізу басқармасының басшысы Саят Әбілманов.

Оның айтуынша, анықталған осы деректер бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. 

"Қазіргі уақытта балалардың ата-аналарымен алдын-алу бойынша әңгімелесу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шын мәнінде балалардың мұндай топтарға тіркеліп, бірақ кейін қайта шығып кеткен деректері де бар", - деді Әбілманов.

Бақылау органының қызметкерлері ата-аналардан балаларына абай болып, виртуал әлемнің жағымсыз әсерінен қорғауды сұрап отыр.

"Ата-аналар балаларын бақылауы керек, немен айналысатынын, ұялы телефондарында не көріп жүргенін, қандай топтарға кіретінін, кімдермен сөйлесетінін білуі керек. Ата-аналар балалары үшін жауапты болуы тиіс", - деп есептейді прокуратура өкілдері.

Алайда, прокуратура өкілдері өңірде болған суицид жағдайларының әлеуметтік желілердегі өлім ойындарымен байланысты емес деп отыр. 

Айтпақшы, прокуратура өкілдері биыл 2 ақпанда Павлодардағы Білім инновация лицейінде болған жағдайға қатысты пікір білдірді. Таңғы уақытта оқушы үшінші қабаттың терезесінен секірген болатын. 

"Бала әжесінің туған күніне барғысы келген. Тұрмыстық жағдай. Сағынған болар. Бала әжесін көп уақыт бойы көрмеген. Суицид әрекеті болмаған немесе айдап салу әрекеті болмаған", - деп атап өтті облыс прокуратурасының басқарма басшысы Бейсенбек Әлиев.

Еске салайық, елімізде өлім ойындары аталып кеткен суицид топтарына ресми түрде тыйым салынған. Алматының Наурызбай аудандық сотының үкімімен "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі "Синий кит/хочу в игру/тихий дом/море китов/я в игре" топтары бұғатталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro