ОҚО-да 37 отбасы солтүстікке қоныс аударды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Көшіп жатқан отбасылар. © ОҚО әкімінің баспасөз қызметі Көшіп жатқан отбасылар. © ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтаарал аудандары мен Шымкент қаласынан жалпы 37 отбасы Солтүстік Қазақстан облысына аттанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтаарал аудандары мен Шымкент қаласынан жалпы 37 отбасы Солтүстік Қазақстан облысына аттанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл қоныс аударған отбасының әрбір мүшесіне 35 айлық есептік көлемінде, яғни шамамен 80 мың теңге бір реттік көмек беріледі. Сонымен қатар, бір жылға дейін тұратын үйдің жалдау ақысы мен коммуналдық төлемдері өтелетін болады.

Күнгейден теріскейге көшкен отандастарымыздың дені ауыл шаруашылығымен айналысуды жоспарлап отыр. Аталған көштің ұйымдастырушысы облыс мәслихатының депутаты Жаңабай Ағабеков қоныс аударушылар бірден іске кірісу үшін әр отбасыға 130-150 мың теңгеге көкөніс дақылдарының ұрығын алып берді.

30 сәуір күні екі автобуспен жолға шыққан көштің алғашқы тобын "Нұр Отан" ХДП ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлімжан Құртаев, облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр бастаған жергілікті билік өкілдері шығарып салды.

"Бұған дейін қоныс аударғандар азаматтардың 70 пайызы жұмыспен қамтылып отыр. Олар өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасумен қатар ауыл шаруашылығы саласында мал, егін шаруашылығымен айналысуға 7 мың гектардан астам жер алып, бірнеше ауыл коопреративтерін құрып, жеке кәсіпкерлік ашып істерін дөңгелетіп отыр. Сондықтан осы сапарларыңыз сәтті болып, солтүстіктің еліне ел болып қосылуларыңызға тілектеспіз", - деді облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр.

Оңтүстік Қазақстан тұрғындарын еліміздің жұмыс көзі көп аймақтарына қоныс аудару шарасы аясында аталған отбасылар солтүстіктің Айыртау, Ақжар, Жұмабаев, Есіл және Уәлиханов аудандарына барып қоныстанады.


© ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің солтүстік өңірлеріндегі жұмыс берушілер сәуір айында халқы тығыз орналасқан Шымкент қаласы мен Мақтаарал, Сарыағаш  аудандарында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізген болатын. Осының нәтижесінде бүгінде 700-ге жуық отбасы солтүстікке қоныс аударуға ниет білдіріп отыр.

 Ал, Оңтүстік Қазақстан облысынан өткен жылы 146 отбасы немесе 572 адам Қазақстанның өзге өңірлеріне қоныс аударған. Оның ішінде 125 отбасы Солтүстік Қазақстан облысына, қалғандары Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарына көшіп барған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro