Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу аясында Армения Республикасының Премьер-Министрі Карен Карапетянмен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, көліктік жүк қатынасы, инвестициялар, туризм және 2017 жылы Қазақстан-Армения бизнес форумын өткізу мәселелерін талқылады..
Сондай-ақ Б. Сағынтаев пен К. Карапетян ЕАЭО аясында алдағы өзара іс-қимылды қарады.
Еске салсақ, бүгін ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу үшін Ереванға барды.