Тіл мамандары қазақ тілінің жаңа әліпбиін ұсынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© massaget.kz © massaget.kz

Мемлекет басшысы 21 қазанда латын әліпбиіне көшуде әлі де олқылықтар барын, сала мамандары жаңа әліпбиді әлі де жетілдіру керектігін атап айтқан еді. Осы мәселеге байланысты тіл мамандары 6 қарашада ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы 21 қазанда латын әліпбиіне көшуде әлі де олқылықтар барын, сала мамандары жаңа әліпбиді әлі де жетілдіру керектігін атап айтқан еді. Осы мәселеге байланысты тіл мамандары 6 қарашада ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Олар латын графикасына негізделген әліпбидің жаңа нұсқасын дайындап, барлық қатысушылар бұл нұсқаны қолдайтындарын растап, қарарға қол қойды. Бұл әліпби алдағы уақытта Үкіметке жолданып, қолданысқа енгізуге ұсынылады.

Қарар мәтіні және әліпби үлгісі мынадай:

Бірауыздан төмендегі Қазақ тілінің латыннегізді әліпбиі қабылдансын:

Әліпбиді жасауға үлкен үлес қосып, құрастыру жұмысының басы-қасында болған ғалым, филология ғылымдарының докторы Әлімхан Жүнісбек әріптердің таңбалануын massaget.kz тілшісіне түсіндіріп берді.

- Қазақтың 28 негізгі төл әріпі бар. Біздің әліпбиде - 32 әріп. Амалсыздан 4 кірме таңбаны қосуға мәжбүр болдық. Бұл - "Ç"(Ч), "V"(В), "F"(Ф), "H"(Х). Бұл таңбаларды алып тастауға да болатын еді, алайда "футбол", "вагон" деген сөздерді қалай таңбалаймыз деген мәселеге келгенде қиындықтар туындайды.

Дүниежүзінде бас-аяғы бүтін, бір ережеге бағынатын бірде-бір әліпби жоқ. Ең кемінде 2-3 ескерту міндетті түрде болады. Біздің ескерту мынадай:

• "İ i" және "U u" таңбаларымен екі әріп белгіленеді. Мысалы: "і" таңбасы төл сөздерде (ini, kim, til, din) "і" болып оқылса, кірме сөздерде (ministr, internet) "и" болып оқылады. "u" таңбасы төл сөздерде (ult, tul, tur, Nur-Sultan) "ұ" деп оқылса, кірме сөздерде (universitet, prokuratura) "у" болып оқылады.

• "Ŋ ŋ" таңбасына келсек, бұл таңба ортақ түркі әліпбиінен алынды. "Ң" әріпінің халықаралық үлгісі осы.

• "W w" таңбасымен дауыссыз "у" әрпі таңбаланады. Мысалы: taw (тау), sawap (сауап).

Бұл қазақ тілінің заңдылықтарын толық сақтайтын, айтқанда да, жазғанда да тілдің табиғи құрылымын бұзбайтын нұсқа. Кейбіреулер "бұл әліпби тым шұбалаңқы, сөзді жазуда таңбалар артқан" деп сынап жүр. Менің айтпағым, қазақ тілінің өзі шұбалаңқылығымен ерекшеленеді. Қазақ он буынды сөзді еш қиналмастан айтады. Сондықтан, бұл пікірді орынды деп ойламаймын, - деді Әлімхан Жүнісбек.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro