08 қыркүйек 2015 | 16:59

Moody's теңгенің жаңа бағамына байланысты қазақстандық банктердің рейтингін төмендетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Moody's агенттігі АТФ Банктің, Қазкомның, Сбербанк қазақстандық бөлімшесінің және Еуразиялық банктің несиені өтеу қабілеті және қарыз бен депозит рейтингі бойынша базалық бағасын төмендетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі агенттік хабарламасына сілтеме жасап. Сонымен қатар, Халық банктің қарыз бен депозиттер бойынша рейтингінің болжамы тұрақтыдан керіге ауыстырылды.


Иконка комментария блок соц сети

Moody's агенттігі АТФ Банктің, Қазкомның, Сбербанк қазақстандық бөлімшесінің және Еуразиялық банктің несиені өтеу қабілеті және қарыз бен депозит рейтингі бойынша базалық бағасын төмендетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі агенттік хабарламасына сілтеме жасап. Сонымен қатар, Халық банктің қарыз бен депозиттер бойынша рейтингінің болжамы тұрақтыдан керіге ауыстырылды.

Moody's агенттігіндегілердің мәлімдеуінше, бұл банктердің көпшілігі шетел валютасында бизнес үшін несие берген, ол шетел ақшасымен кірісті түрлендіре алмайды. Теңге бағамының төмендеуі олардың қарыздарға қызмет көрсету мүмкіндіктеріне ықпал ете алады. Инфляциялық әсер, агенттік сарапшыларының мәліметінше, ол актив сапасына қосымша қысым келтіре алады, себебі ол сатып алу қабілетін төмендетеді.

Агенттіктегілердің сөзіне қарағанда, Қазкомның несиені өтеу қабілетінің базалық бағасы caa1-ден caa2-ге дейін төмендеді. Сонымен қатар, қамсыздандырылмаған борыш рейтингі Caa1-ден Caa2-ге дейін және депозит бойынша ұзақ мерзімді рейтингтер кері болжаммен B2-ден В3-ке төмендетілді. Айта кетейік, Қазкомның жалпы қарыздарының 43 пайызы БТА Банкке берілген. Бұл қаражат негізінен проблемалық активтермен және өтімсіз жылжымайтын мүлікпен қамтылған. Сонымен қатар, 2015 жылдың маусым айының аяғындағы жағдай бойынша, Қазкомның жаппай қарызының уақыты шамамен 17 пайызында бір күннен асып кеткен. Ең қолжетімді, 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша, жарияланған өзекті мәліметтерге сәйкес, банк қарыздарының шамамен 51 пайызы шетелдік валютамен берілген. Сонымен қатар, Moody's сарапшылары жағымды тұстарды да атап өтті. Қазком "Стресстік активтер қоры" АҚ-тан "ұзақ мерзімді несиенің бірталайын" алған, ол нарықтық операцияларды қолдауға жол ашады.

Moody's пікірінше, Халық банкінде мықты қаржылай көрсеткіш бар. 2015 жылдың маусым айындағы жағдай бойынша, қаржы институтының жалпы қарызының 27 пайызы ғана шетел валютасында деноминацияланған. Сонымен қатар, қарыз алушылардың кейбірінде табыстың басты көзі ретіндегі экспорттық кіріс жоқ. Сарапшылар теңге бағамының төмендеуіне және тәуекелді активтердің артуына байланысты капитал баламалылығының жоғары коэффициенті төмендейді деп күтіп отыр.

АТФ Банктің несие өтеу қабілеті бойынша базалық бағасы сaa2-ден сaa3-ке түсті, қамсыздандырылмаған борыш рейтингі Caa2-ден Caa3-ке, ал депозиттердің ұзақ мерзімді рейтингі кері болжаммен Caa1-ден Caa2-ге төмендеді. Айта кетейік, бұл банкте жұмыс істемейтін қарыздар деңгейінің жоғары екені мәлім болды. Деноминацияланған шетел валютасындағы қарыздың көлемі АТФ Банкте 2015 жылдың маусым айындағы жағдай бойынша 46 пайызға тең. Сонымен қатар, 21,6 пайызында несие уақыты 90 күннен асып кеткен.

Сбербанк қазақстандық бөлімшесінің несие өтеу қабілеті бойынша базалық бағасы b2-ден b3-ке дейін төмендетілді. Шетел валютасындағы қарыздың көлемі - 32 пайыз. Олардың арасындағы қарыз алушылардың 37 пайызында экспорттық түсім жоқ. Ал проблемалы қарыздар бойынша үлес 14,4-тен 22,2 пайызға өскен.

Еуразиялық банктің несие өтеу қабілеті бойынша бағасы b2-ден caa1-ге түсті. Қамсыздандырылмаған борыш рейтингінің үлесі де В2-ден Сaa1-ге төмендеді. 2015 жылдың маусым айындағы мәліметтер бойынша, уақыты өтіп кеткен қарыздардың үлесі күрт артқан - 14,7-ден 22,1 пайызға. Алайда Еуразиялық банктің акционерлері капитал баламалылығын арттыруға қосымша қолдау көрсете алады.

Moody's сарапшыларының мәлімдеуінше, жағдай нашарлай беретін болса, рейтингтер қосымша төмендетілуі мүмкін. Өз кезегінде, Қазақстан экономикасының жақсаруын бұл деңгейдегі рейтингтер тұрақтандырады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети