Дүкенге аш баруға болмайтынын азық-түлік сатып алуға өмірінде бір рет болса да барғандардың бәрі біледі. Егер сен тоқ болсаң, тек тізімдегіні ғана аласың. Олай болмаса кір жуғыш ұнтақ, сусабын мен сулық алу үшін барғаныңды ұмытып, сөредегі жеуге болатынның бәрін ала бастайсың...
Дүкенге аш баруға болмайтынын азық-түлік сатып алуға өмірінде бір рет болса да барғандардың бәрі біледі. Егер сен тоқ болсаң, тек тізімдегіні ғана аласың. Олай болмаса кір жуғыш ұнтақ, сусабын мен сулық алу үшін барғаныңды ұмытып, сөредегі жеуге болатынның бәрін ала бастайсың...
Бірақ дүкенге түскі немесе кешкі астан кейін барудың сәті ылғи түсе бермейді. Әдетте азық-түлік үшін жұмыс күнінің соңында барасың. Әсіресе жаңа жыл алдында жұмысыңа есеп беріп, барлығын тазалап,бар ісіңді барынша бітіріп кетуге тырысатын, қарбаласқа толы күндердің соңында баруға тура келеді. Осындай кезде дүкенге ашқұрсақ қалпыңда барып алып, "Неге осылар нәр татып алуға мүмкіндік беретін бір бұрыш ашпайды?" деп ойлайсың.
Меніңше, Санта кейде үлкендердің де тілегін орындайды. "Апорттағы" жаңа "Магнумда" осындай аумақ бар. Ол жерде кофе ішіп, жаңа піскен тәттілерден ауыз тиюге болады. 16 желтоқсанда Алматыда, Қаскелең бағытындағы жол мен "Алтын орда" базарына жақын жердегі "Апорт" сауда, ойын-сауық орталығында "Магнум" желісінің жаңа филиалы ашылды. Бұл еліміздегі ең ірі "Магнум". Ол жерге барғанда бірден көзіңе түсетіні сауда залын жаңа піскен нан исіне бөлеп, нан-бөлке бөлімінде тұрған тандыр пеші. Пеш электрлі, алайда нан нағыз тандырдағыдай - жұмсақ, алқызыл. Замануи сауда залына көненің көзіндей әсер беретін нәрсенің бірі - жаңа піскен нанды тандыршылардың дәстүрлі құралы - ожау мен күрекшемен алатыны.
"Біз нан мен нан өнімдерінің 100-ден астам түрін пісіреміз, - дейді "Магнум" компаниясының кондитерлік өндіріс жөніндегі технологы Ольга Сонина. - Ашытқымен, ашықтысыз, қара нан, бидай наны, дәндері бар, майқоспамен, елшілік, ригалық... Астық-қара нан багеті де бар, қышқылы жоқ, тәтті, дәмді тамаша өнім. "Денсаулық" наны бар. "Тірі" ашытқымен жасалатын нан да пісіреміз".
Ольга Сонинаның айтуынша нан пісіру оның сүйікті ісі, цехта істеу ол үшін ең қастерлі жұмыс. Мұнда жап-жаңа швейцариялық жабдықтар орнатылған: қамыр илегіш, қамыр жайғыш машиналар, ваккумдық қамыр кескіш, пештер. Машинаның барлығы қамырдан түрлі дәмділерді жасауға қызмет етеді.
Ал көрші цехтан шығатын иістен-ақ ол жерде кондитерлердің жұмыс істейтінін бірден сезуге болады. Технолог бізге цех ішіне көз қырымызды салуға рұқсат етті. Печенье (мұнда 50-ге жуық түрі дайындалады), тәтті нандар, пирогтар, торттар...Әралуандығы соншалық барлығын бірден жеп көргің келеді. Сатып алушылардың бұл тілегін мұнда жақсы білетін сияқты.
"Бізде торттар бөлік-бөлікпен ұсынылған жеке сөре бар,-дейді Ольга Сонина. - Әртүрін таңдап, бірнеше түрінің дәмін татып көруге болады. Ал келесі жолы келгенде «мен өткенде шоколад қосылғанын жеп көрдім - соны сатып алайын" деп оңай таңдау жасайсыз.
Кондитерлер екі ауысыммен, түнде де жұмыс істейді. Егер түн ішінде жылы, тәтті нан жегіңіз келсе, ойланбастан мұнда келсеңіз болады.
Әрбір сатып алушының мұндай дүкендердің ішкі жағына үңіліп көргісі келетіні анық: қалай орналасқан, азық-түлік қайда сақталады, салатты немен жасайды, етті қайдан сатып алады? Ашылу қарсаңында, 15 желтоқсан күні жаңа "Магнумның" әкімшілігі мұндай мүмкіндік беріп, сырт көзге жасырын аймақтарға экскурсия жасауға мүмкіндік берді.
Топ өнімдердің қоймасы мен артығымен сақталатын бірінші кезекте қажет азық-түлік өнімдері - ұн, қант, күнбағыс майы сақталатын "А" санатты қойманы көрсетті. Мұнда алып тоңазтқыштар бар: біреуі көкөніске үшін, кейбірі сүт өнімдеріне арналған, біреуі - қатыру үшін, мұндағы температура -18.
Әрине клиенттерді мұндай алпауыт дүкендерде азық-түліктің сапасын қалай бақылайтыны қызықтырады. Тауар санының көптігі соншалық, олардың жарамдылық мерзімін бақылап үлгеру мүмкін емес шығар? Алайда бақылау жолға қойылған нәрсе, бастысы ережені сақтау.
"Біз белгілі бір мерзімде қанша сата аламыз, сонша көлемде тапсырыс береміз, - дейді "Магнумның" директоры Лариса Астемирова.
"Сөреде жатып қалмай ма?
"Ешқашан. Бізде ауысым журналы бар, онда қызметкерлердің түнде не істеуі керектігі есепке алынады. Түнде олар дайындаумен айналысады –дүкен таңертеңгі сатылымға дайын болуы керек тауарды қойып, бөліп, жарамдылық уақытын тексереді.
Қабылдап алушы операторлар да сақадай сай тұрады. Олар таңбалануын, сертификатын, жапсырмаларын, мерзімін тексереді - "Магнумда" жарамдылық мерзімінің қалғаны 50-80 пайыздық тауарды ғана қабылдайды.
Дүкендегі тәртіпті сапаны бақылау қызметі бағалайды.
"Олар бас кеңседен ескертусіз, аяқ асты келеді",- дейді Лариса Астемирова.-Сосын барлығын чек-лист бойынша тексереді. Құпия сатып алушылар да болады. Сондықтан біз барлығына дайынбыз және барлығы тәртібімен, ретімен.
"Магнумда" тағы бір корпоративтік дәстүр бар. Кейбір күндері бас кеңседен жоғары шенді менеджерлер келіп, ауысымда жұмыс істейді - біреуі тауарды қабылдаушы болады, бірі тауарды реттеуші, кейбірі көкөніс бөлімінде. Бірде "Магнум" желісі басқарма төрағасының орынбасары кассада тұрды, сатып алушылар кімнің қызмет көрсеткенін аңғармай да қалды.
"Осылайша басшылар бізде қандай проблемалар бар, олар қалай шешіліп жатқанын біле алады. Сатып алушылармен сөйлеседі. Басшылықтың қызметкерлер қандай жағдайларға тап болатынын білгені өте маңызды. Кейбір процесстерді өткізу үшін оларды түсіну керек, бәрін дұрыс жасау үшін өздеріне де соны істеп көру керек,-деп түсіндірді дүкен директоры.
Лариса Астемированың әр сөзінен жұмысын жақсы көретіні көрініп тұр.
"Мен жұмысымды жақсы көремін,-дейді өзі. - Менен тіпті достарым мен туған-туыстарым да "Лариса, сенде "Магнумнан" басқа нәрсе бар ма?" деп сұрайды. Жоқ. Мен үйге тек ұйықтауға ғана барамын.
"Сізге жұмыстан кейін азық-түлік алуға барудың қажеті жоқ шығар...
"Иә, - деп күледі Лариса. - Дәл солай. Бөлшек саудада істемейтін әйелдер әрқашан сенбі, жексенбісін азық-түлік сатып алуға жұмсайды ғой деп ойлаймын. Ал біз ауысым біткен соң орталық есіктен кіріп, қажеттінің барлығын сатып аламыз. Тек қана "Магнумнан". Өйткені басқа жердің барлығында баға қымбат сияқты. Оның үстіне бізде барлығы жаңа піскенін білемін.
Мұнда тағамдардың балғындығына өндіріс меңгерушісі Роза Гилязитдинова жауап береді. Ол ары қарайғы экскурсияны жалғастырып, бізге салаттар, ыстық тағамдар, тәтті нан, балық өнімдерін пісіретін цехты аралатты.
Цехта дүкен сөресінде кешкі тамақ дайындап үлгермеген келушілерге менмұндалап тұратын ыстық тағамдардың барлығы дайындалады. Айтпақшы, мұнда колбаса, қабыраға, тауық, құйрық май сияқты барлық ысталған тағамды өздері дайындайды. Ыстаушы аппарат қазір кең тараған "сұйық" түтінде емес, қандыағаш қалдығымен жұмыс істейді. Сондықтан шұжықтар мен тауық табиғи түсті әрі жағымды иіске ие.
Бұл тәтті нан цехы, -деп көрсетті Роза Гилязитдинова.-Мұнда біз тауық, сиыр еті, балық қосылған тәтті нан дайындаймыз. Бұл цехты "жанды жер" деп атаймыз. Қамыр мейірімді, жылу мен нәзіктікті ұнатады. Қамыр илеуге жан-тәніңді салып кірісу керек. Егер барыңды салсаң өнім тәтті болады, керісінше болса, өнім сапасы да керісінше.
Күнделікті осында жүріп, осыншама ысталған тағамнан қалай "шығып кетпеуге" болады? Қызметкерлер дәм татып көреді, бірақ қалағанша емес, регламентпен. Бұл үрдіс "бракераж" деп аталады. Оған әдетте филиал директоры, директордың орынбасары, өндіріс меңгерушісі, бас кеңседегі технологтар қатысады. Олар әр тағамнан 30 грамнан алып, жеп көреді, сумен ішеді, тағы да тексереді. Бұдан кейін әрқайсысы өз пікірін арнайы құжатқа жазады: ұнайды, ұнамайды, тұзы аз немесе көп, қышқыл, ащы емес...Ескертуден кейін оны түзеп барып сатылымға шығарады.
Мұнда әрбір келушінің ойына «Бұлар сонша етті қайдан алып, бөлшектейді екен?» деген ой келетіні анық.
"Мархабат", - деді бізді қарсы алған Мұхамедкәрім Ернат, осын өзінің цехына бастады. Ет шапқыштардың барлығы ірі денелі, алдына алжапқыш байлаған ер адамдар. Мұхамедкәрім олардың бригадирі:
"Біз қалай бөлшектейміз? Еттен кәмпит жасаймыз. Адамдар бұл етті сатып алу үшін ет әдемі болуы керек. Бізге етті жеткізушілер тексерілген жергілікті фермерлер. Олар барлық санитарлық талаптарды сақтайды. Мен өзім етті жақсы көремін, қазақпын ғой. "Магнумда" бесінші жыл істеп келемін. Қарапайым ет шабушы болып келдім, қазір ет цехының бригадирімін. Мені мұндай жауапты қызметке қойғаны мен үшін мақтаныш.
Мұнда ұзақ сөйлесе алмайсың. Барлығын қыруар жұмыс күтіп тұр.
"Қыздар мұнда бағалар жазылмапты!", - деген дауыс шықты залдың арғы басынан.
"Бөлкелерді тағы бес минутқа пешке салыңдаршы, толық піссін", - деген шебердің даусы естілді нан бөлімінен.
"Мына жерді шармен әрлеу керек", - деп бұйырды директор.
"Магнумның" іші әдетте бос болмайды. Мұнда сатып алушылар ертең бірінші рет келеді.
...Келесі күні 9.30-да сөрелердің жуылған әйнектері жылтырап, қызметкерлер бет-әлпетінде бір қыртыс жоқ, ширақ, күлімсіреп, тауарлардың бағалары жарқырап тұр.
Басқарма Төрағасы Александр Гарбер қызыл лентаны кесіп тұрып былай дейді:
"Бүгін біз үшін салтанатты, маңызды күн. Біз Қазақстандағы ең ірі Магнум дүкенін ашамыз. Мұнда тауардың ең көп түрі ұсынылған. Қазақстандық өнім түрлері көп. Жаңа дүкен барлық жағынан ерекше. Бірақ басты нәрсе өзгермейді. Магнум сатып алушыларға ең тиімді баға мен шынайы сападағы өнім ұсынады. Магнумде тиімді сауда мен мерекелік көңіл-күй тілеймін!".
Бұдан кейін дүкеннің іші толы бастады.
Кеңес берушілер кейбір сатып алушыларға кез-келген тауарды тигізіп бағасын білуге болатын прайс-чекерді көрсетіп жатыр. Құрылғы тауардың этикеткада көрсеілген бағаға сай, сай еместігін көрсетіп те береді. Егер сай болмаса клиент кіре берсітегі менеджерге келіп, мәселені айта алады. Кез-келген ереже бұзу фактсін хабарлауға болады. Мұндай ақпарат үшін әрі қырағылығы мен көмегі үшін сатып алушы шағын сыйлыққа ие болады. Бұл бірреттік акция емес, "Халық бақылауы" атты тұрақты әрекет ететін шара. Залда арнайы телефон қойылған, ол арқылы "Магнумның" директорына тікелей қоңырау шалуға болады.
Бұл жаңа ашылған филиалдағы өзгерістің барлығы емес.
Кассалар. Сатылымы жоғары, ірі дүкендердің ең жанды жері. Мұндай дүкендерде әрқашан ұзын кезектер – тіпті касса көп болса да. Әдетте ірі кассалар саны 25-ке жуық. Жаңа "Магнумда" олардың саны 35, алтауы - бес тауардан аз алған сатып алушыларға арналған жедел касса.
"Біз жедел-кассаларды іске қосқанда, сатып алушылар туралы ғана емес, "Апорттағы" басқа дүкендерде жұмыс істейтін адамдар туралы да ойладық. Түс кезінде олар бізге келіп, тағам сатып алады және жылдам төлеп кетуге асығады. Өйткені олардың үзілістері тым қысқа,-дейді "Магнум" желісінің атқарушы директоры Саид Гасанов.
Кассада темекі өнімдері көрінбейді. Әкімшілік темекі өнімдеріне қатысты заңдағы өзгеріске дайындалуда, сондықтан арнайы сату аймағына ауыстырды. Ол шыға берісте орналасқан, әрі темекінің саналуан түрі бар, асықпай, мұқият таңдауға болады.
Клиенттерді тағы не қуантады? Арнайы бөлімдегі үй жануарларына арналған азықты арнайы қаптамада емес, салмақпен өлшеп алуға да болатыны. Енді жануары бар адамдар қай азық түрінен қанша алуды өзі таңдайды.
Тәтті тағамдар сататын, шай-кофе алып, арнайы орындықтарға отырып демалуға болатын гастроаралға оралсақ - мұнда суши барын байқауға болады. Жаңа піскен сушиді нағыз аспаз көз алдыңызда дайындап береді. Сәл әріректе әппақ халат пен бас киім киген сүт бөлімінің қызметкері үй сүті мен айран, ірімшіктің салмағын өлшеугі кіріседі. Тағы екі адам аттасаңыз пекин үйрегі жылтырайды. Бұл тағамды басқы филиалдардан таппайсыз - жаңа "Магнумның" аспаздары клиенттерді таңқалдыру үшін мәзірге қосқан.
Сатып алушы сауда залында жүріп тағы нені армандайды? Әрине, еркін жүріп, арбалары қысылып қалмауды...Бұл да орындалды.
"Біз сатып алушылар арбаларымен соғылып қалмауы, кең орын болуы үшін арнайы кеңістік белгіледік. Сауда залының аумағы - 7300 шаршы метр, - дейді атқарушы директор Саид Гасанов. - Біз сатып алушылардың көп келеді деп ойлаймыз. Назар аударсаңыздар орталық аллеяда паллет жоқ. Бұл келушілер сатып ала жүріп, қыдыруға ыңғайлы болуы үшін жасалды. Мұнда біз жеткізушілермен бірге тағам дәмін татып алуды ұйымдастырамыз. Адамдар жаңа өнімдердің дәмін татып көре алады.
Бұл өзіне-өзі қызмет көрсететін дүкен болғандықтан, тек кең ғана емес, қандай тауар қайда тұрғаны, оларды қалай табуға болатыны түсінікті болуы тиіс. Сатып алушы кең аумақта адасып кетпеуі үшін, "Магнум" тақырыптық аймақтарға бөлінді.
"Мысалы, сіз балаңызға киім сатып алуға келдіңіз. Мына бөлік балалар киімінің аумағы. Бұл бөлімнен ойыншық, памперстер, сулықтар, балалар тағамдары, сусабын, түрлі кремдерді таба аласыз. Әрі әртүрлі жасқа арналған. Бұл өте ыңғайлы - дүкеннің әршетінен іздеп жүрудің керегі жоқ, - деп түсіндіреді Лариса Астемирова.
Басқа аумақтардағы тауар да осы принцппен қойылған. Киім жуатын түйіршік алуға келсеңіз көрші стеллаждан жуу мен үтіктеуге арналған: кір шайғыш, ағартқыш, ілгіш арқандарды да көруге болады.
"Біз клиенттеріміздің барлық сұраныс, тілегін ескеруге тырыстық, - дейді директор. - "Магнумнан" риза көңілмен шығуы үшін. Тек дүкенге бармағандай, ертегіге келгендей. Біз клиенттеріміздің дәл осылай сезінгенін қалаймыз.