11 наурыз 2017 | 20:32

Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының сегізінші кезеңінде өнер көрсетті - ВИДЕО

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының сегізінші кезеңінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол бұл кезеңде Хан Хонгтың "Тин Ляңлы" (《天亮了》 韩红) әнін шырқап, 5-орын алды.


Иконка комментария блок соц сети

Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының сегізінші кезеңінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол бұл кезеңде Хан Хонгтың "Тин Ляңлы" (《天亮了》 韩红) әнін шырқап, 5-орын алды.

Айта кетейік, ол осы турдың қарсаңында ауырып қалып, жанкүйерлері уайымдаған еді. Instagram желісінде Димаш Құдайбергеновтің фан-парақшалары әншінің I Am a Singer байқауының сегізінші кезеңінде сахнаға тамағы ауырып шыққанын және әнін қарлығыңқы дауыспен орындағанын жазған болатын. Өз кезегінде Димаш Құдайбергеннің PR-директоры Алпамыс Шаримов бұл мәліметті растаған еді. 

"Бірақ көпшілік жазып жатқандай даусын жоғалтып алған жоқ. Ол суық тиіп, қатты ауырып қалды. Климаттың ауысуы әсер етті. Жазылды деп айта алмаймын. Емделіп жатырмыз", - деген еді ол Димаш Құдайбергеннің сегізінші кезеңде сахнаға шығып, ән айтқанына таңғалғанын жеткізді.

"Достар, Димаш 8-ші турда 5-орын алды. Даусын жоғалтып алғанын және тамағы ауырғанын есепке алсақ, бұл өте жақсы көрсеткіш. Ол осы жағдайына қарамастан сахнаға шыққан нағыз әнші! Тіпті ән айтудан бас тартса да, мен керісінше, оған қолдау білдірер едім! Оған екі рет екпе салды. Сахнада ауырып тұрғаны байқалды. Біз тамағымыз ауырса, ән айту былай тұрсын, сөйлей де алмай қаламыз. Ал ол нағыз батыр! Бастысы жүлде емес, денсаулығы!", - деп жазған болатын Dears өкілдері.

Еске сала кетейік, қазақстандық әнші осы байқаудың жетінші кезеңінде бастапқыда "Адай" күйін тартып, кейін қазақ әні "Дайдидауды" ҚазҰӨУ ұлттық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен шырқаған болатын. Ол бұл кезеңде 3-орын алған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети