I`masingerKazakhstan жобасы қашан басталатыны белгілі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Биылғы күздің елді елең еткізер музыкалық оқиғасы - I`masingerKazakhstan жобасының басталатын күні белгілі болды. Ғаламат шоудың ресми түрде басталуына бір айға жетпейтін уақыт қалды. Айта кетейік, Шоу 31 арнадан 24 қыркүйекте эфирге жол тартады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Биылғы күздің елді елең еткізер музыкалық оқиғасы - I`masingerKazakhstan жобасының басталатын күні белгілі болды. Ғаламат шоудың ресми түрде басталуына бір айға жетпейтін уақыт қалды. Айта кетейік, Шоу 31 арнадан 24 қыркүйекте эфирге жол тартады. 

Дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр: қатысушылардың репертуары таңдалды, музыкалық бэндпен алғашқы дайындықтар басталып кетті. Үміткерлер түсірілім алаңына жинала бастады. Күн өткен сайын қобалжулар артып келеді. Шоудың продюсері, сонымен бірге "сарапшылар алқасының" мүшесі атанған Алуа Қонарова әділ қазы ретінде кез келген тосын жайттарға дайын екенін айтып қалды: 

"Байқауға қатысушыларды іріктеуге қатысқандықтан, кімдердің өнер көрсететінін, кімнің қолынан не келетінін шамамен білемін. Сондықтан бір таңғаларлығы, ең алдымен қатысушыларға емес, өзіме сәттілік тілеп, объективті бол дегім келеді. Әділ болып, адами факторларды ескеру керектігін есіме саламын. Өйткені сахнаға шыққан әнші шын талант болғанымен, сол күні бірдеңе дұрыс болмауы мүмкін. Ондай күндер бәрімізде болады. Сондықтан барлық қазылық ететін төрешілерге шыдамдылық пен әділдік тілеймін", - деді Қонарова.

Байқаудың қазылар алқасының құрамында белгілі қазақстандық әнші Әлішер Кәрімов те бар. Ол бізге өз әсерін бөлісті:

"Мен де өнер жолын осындай жобадан бастадым, - деп бастады ол сөзін. - Ол кезде сарапшы орындығында емес, қазылардың жауабын күтіп, көзім жәутеңдеп сахнада тұрдым. Неге екенін білмеймін, қазір де I`m a singer жобасында жұмыс істейтінімді ойласам, дәл сол кездегідей қолбажи бастаймын. Өзімді қатысушылардың орнына қоямын. Олардың қандай күйде болатынын жақсы түсінем. Сондықтан жай ғана қызыл сөзбен шығарып салмай, пайдалы кеңестер мен орынды сын айтқым келеді".

Мынадай әңгімелерден кейін I`m a singer Kazakhstan жобасының қазыларынан әділдік күту қиынға соғатын сияқты. Бір айта кетерлігі, талант шоудың форматына сәйкес, қатысушыларды іріктеуде сарапшылардың мүмкіндігі шектеулі. Қатысушылардың тағдырын шешуде басты салмақ көрермендерге түседі. Айтулы шоудың ұйымдастырушылары жобаға деген қызығушылық бәсеңдеп қалмау үшін бұдан артық ақпарат беруден бас тартып отыр.

"Құпиямызды соңына дейін ашпаймыз, - деп күлді 31 арнаның Бас директоры Бағдат Қожахметов. - Мазалаған сұрақтарыңыздың бәріне жауапты шоудың өзінен аласыздар".

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro