07 тамыз 2015 | 15:52

Дүниежүзіндегі ең сұлу қыз Қазақстаннан алған әсерін бөлісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Паулина Вега Алматыда өткен балды. © Айжан Түгелбаева Паулина Вега Алматыда өткен балды. © Айжан Түгелбаева

Жыл сайын өтетін Опера балында (The VII Opera Ball) жүргізуші болған "Дүниежүзі аруы-2014" колумбиялық Паулина Вега Қазақстанға жасаған сапарынан алған әсерін өзінің видеоблогы арқылы бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жыл сайын өтетін Опера балында (The VII Opera Ball) жүргізуші болған "Дүниежүзі аруы-2014" колумбиялық Паулина Вега Қазақстанға жасаған сапарынан алған әсерін өзінің видеоблогы арқылы бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, "Дүниежүзі аруы" қатысуға келген Опера балеті жыл сайын 35 жасқа дейінгі ең үздік опера орындаушыларын марапаттайды. Паулина "Дүниежүзі аруы" байқауының ресми арнасына жарияланған видеоблогта сапарынан ерекше әсер алғанын мәлімдеді. "Мен Қазақстанға бірінші рет бардым және көргенімнің барлығынан әсер алдым. Дебютанттар - тамаша, мен сияқты емес, олар керемет билейді. Ашық түстер, билер, әуен - мұның барлығы мені баурап алды. Осындай ертегінің бір бөлшегі болуға мүмкіндік бергендерге разымын. Бұл - мен ешқашан ұмытпайтын керемет тәжірибе болды", - деп өз ойымен бөлісті дүниежүзіндегі ең сұлу қыз.

Опера балы Алматыда 27 маусым күні өтті. Ерлер арасында ең үздік вокал номинациясын Райан Спидо Грин (АҚШ) жеңіп алды, ал әйел арасында жеңіс Альфия Кәрімоваға (Қазақстан) бұйырды. Жеңімпаздардың әрқайсысына 10 мың доллардан ақшалай сый табыс етілді.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети