25 желтоқсан 2015 | 10:39

Ресей валюта айырбастау ережесін қатаңдатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Novayagazeta.ru © Novayagazeta.ru

Ресей орталық банкі валюта айырбастау ережесін қатаңдатты. 15 мың рубльден артық ақша айырбастаған жағдайда клиент төлқұжатын көрсетіп қана қоймай, идентификациялаудан өтіп, сауалнамаға жауап береді. Жаңа ереже 2015 жылдың 27 желтоқсанынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы "Вестник Банка России" басылымында жарияланған қаулыда хабарланды.

Иконка комментария блок соц сети

Анкетада клиенттің аты-жөні, тегі, әкесінің аты мен құжаттар деректемелері, жеке бас куәлігі, тұратын орны, ЖСН, сонымен қатар, кредит ұйымы берген куәлік көрсетіледі. Ал 15 мың рубльден төмен операцияларда сатып алу-сату рәсімі өзгермейді.

Сарапшылардың пікірінше, норма күшіне енген жағдайда банк кеңселеріне түсетін операциялық жүктемелер ұлғаяды. Кредит ұйымдары мұндай операцияларды қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізеді. Бұл ақша айырбастау орындарының күрт қысқаруына әкелуі мүмкін.

Ресей банкі өкілдері болса жаңа ереже азаматтарға валюта сату, сатып алу кезінде артық қиындықтар тудырмайды деп отыр.

"Егер операция сомасы 15 мың рубльден асып кетсе, идентификациялау жеке басты куәландыратын құжат негізінде жүзеге асырылады. Идентификациялау кезінде алынған кредит ұйымының куәлігі анкетада Ресей банкінің ережесіне сәйкес толтырылады. Заң жобасы жекеменшік тұлғаларды идентификациялық мәліметтерді анкета толтыру жолымен мәлімдеуге мәжбүрлемейді", - делінген Орталық банктің сайтында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети