30 қаңтар 2014 | 18:59

Nazarbayev University профессоры жастық эликсирі туралы аңызды жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев университеті. Сурет: Tengrinews.kz Назарбаев университеті. Сурет: Tengrinews.kz

Назарбаев университеті қартаюға қарсы бағыттағы ғылыми зерттеулері бойынша көңілге қонымды нәтижеге қол жеткізді. Өмір туралы ғылым орталығының бас директоры Жақсыбай Жұмаділов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында осы сала ғалымдарының бүгіндері немен шұғылданып жатқандығынан кеңінен сөз тарқатты. Ең бірінші кезекте ол Оксфорд университеті және Кардиффа университетімен бірлесіп зерттеп жатқан жобаларымен таныстырды. Аталған жоба қартаю процесін реттеуде маңызды рөл атқаратын ұсақ молекулаларды зерттеуге негізделген екен. Бұл молекулалар қартаюшы жасуша функциясын күшейтіп, оның өліп қалмауының алдын алуды көздейді. "Біз әріптестерімізбен біріге отырып, осы ұсақ молекулаларды сәйкестендірдік, енді оларды қартаюды ескертуге қолдану үшін синтездеуге тырысып жатырмыз. Нақтылап айтайын, оны толықтай қартаюды ескертуге емес, қартаю қарқынын төмендету үшін қолданамыз. Біз олардың қайтадан жаңғырушы онкологиялық жасушыларды алдын ала анықтауда да маңызды рөл атқаруы мүмкін деп топшылап отырмыз" дейді Жұмаділов. Сондай-ақ ол Назарбаев университетінің Өмір туралы ғылым орталығы ғалымдарының зерттеуі негізінен осыған бағытталғанын айтады. "Алғашқы нәтижелер үміт туғызып отыр, бірақ олар әзірге өз арамыздағы тілде зертханалық және жасушалық деп атайтын деңгейде. Одан кейін біз жануарларға көшеміз, ал содан соң барып клиникалық зерттеу деңгейіне жетеміз. Бұл бірнеше жыл уақытты алады" дейді Nazarbayev University профессоры. Орталық жұмысысының тағы бір бағыты - дербес медицина жүйесіне көшуге дайындық. Назарбаев университеті ғалымдары адамның генетикалық ерекшелігін есепке ала отырып, адамның генетикалық төлқұжаты нұсқасын жасап шығуға тырысып жатыр. "Әрбір адамның жекелей энтеротипі мен өз микробиомы болады. Мәселен, адамға орташа есеппен емдеуі тиіс делінген белгілі бір дәрі-дәрмек беріледі. Алайда сол дәрі-дәрмекті тұтынушы адамдардың микробиомы, энеротипі және генетикалық ерекшелігі әртүрлі болады. Сәйкесінше, әлгі препараттың адамдарға терапиялық емдеу әсері де әртүрлі боп келеді. Біреуге оң, тағы біреуге теріс әсер етіп жатады. Ал тағы біреулер үшін аллергиялық шок тудыруы ықтимал" дейді Өмір туралы ғылым орталығының басшысы. Сондай-ақ бүгінгі таңда Назарбаев университеті (Nazarbayev University) адам денсаулығы сапасын жақсартуы тиіс 5-6 өнім бойынша клиникалық сынақты қорытындылап жатыр. Соның бірі - "Нәр" биоөнімі туралы Tengrinews.kz осыған дейін хабарлаған болатын. "Осы препараттардың арқасында қартаю немесе науқастану салдарынан ағзада пайда болатын көптеген теріс реакциялар жойыла алады. Демек, бұл арада патогенді ғылыми компонент жайында сөз болып отыр. Ол әртүрлі ауруды тудырушы күрделі механизмге және осы ауру түрін алдын ала анықтап, ескертуге негізделген" дейді Жұмаділов. Профессор клиникалық зерттеулерден соң осы өнімдердің қайсыбірі медициналық препарат ретінде ұсынылатынын, ал тағы бірі биологиялық белсенді қоспалар ретінде өндіріле бастайтындығын айтады. Дегенмен медициналық дәрі-дәрмекті жасап шығу үшін көп уақыт пен ақша керек, ал биологиялық белсенді қоспалар үшін, оның айтуынша, талап соншалықты қатаң емес. "Біз қазір эволюциялық процестің арқасында әртүрлі ағзалардың бір-бірінде тұралауы әсерін беретін осындай өнімнің бірнешеуін жасадық, жалпылай алғанда, оларды таяу болашақта биологиялық белсенді қосындылар ретінде пайдалануға беруге болады. Шамамен 2-4 жыл ішінде оларды біздің халқымыз өз денсаулығын жақсартуға қолдануы үшін Қазақстан нарығына шығара аламыз", - дейді орталық басшысы. Назарбаев университеті қазақстандықтың тегін анықтауға тырысып жатыр. Мысалы, америкалықтың рефенсті геномы, жапонның референсті геномы деген түсінік бар, ал Қазақстан тұрғындарының референсті геномы деген жоқ. "Біз Қазақстандағы қарт адамдарға не боп жатқанын және шау тартқан жаста қандай ауру түрлері пайда болатынын білуіміз керек" деген ғалым мұндай зерттеу қорытындылары денсаулықты жақсартуда берілетін кеңестерді айқындау үшін, емдеу ісін сүзгіден өткізуде, қандай да бір ауру түрлерін болжауда пайдалы екенін айтады. Оның пікірінше, Қазақстанда Ұлттық биобанк құру керек және генді зерттеу бойынша ұлттық бағдарлама қажет. Біз Назарбаев университеті орталығының бас директорынан қазір қазақстандық пен, мәселен америкалық гені арасындағы айырмашылықтар туралы айта аламыз ба деп сұраған едік. "Қазір бізде алдын ала әзірленген мәліметтер бар, бірақ ауқымы кең деп айта алмаймыз, қазір оларды сараптап жатырмыз, ол арадан айырманы байқауға болады, әрине. Бірақ мен сізге ол қаншалықты нақты екенін басып айта алмаймын, өйткені бұл арада әлі терең сараптама қажет, қосымша тексеру жүргізу де керек болады. Бірақ алдын ала алынған нәтижелер біршама айырма барын байқатып отыр" дейді сұхбат беруші. Назарбаев университеті ғалымдары даңғазалықты жаны сүймейді, сондықтан да қартаюды тежейтін эликсир туралы сөз қозғалғанда жәй ғана жымияды. "Жастық эликсирі - кез келген адамның арманы деп ойлаймын, қандай да бір сусынды алып, оны ішсең бірден жасарып кетесің. Тарихта бұл бағытта ізденістер болған, бірақ біз мұндай ізденіс жүргізбейміз, өйткені біздің ғылыми тұжырымдамамыз қандай да бір препарат ағзаның сан түрлі жүйесіне бірден әсер ете алмайды деп түйіндейді. Бұл арада жан-жақты келу керек, жасыңды жасартып жіберетін эликсирдің болуы мүмкін емес, сондықтан денсаулықты жақсарту арқылы адамның жастығын сақтауға жан-жақты бағытталуымыз тиіс" деген ол адам денсаулығына әлеуметтік, экономикалық және экологиялық сынды көптеген фактор ықпал ететіндігіне баса мән беру қажеттігіне назар аудартты. Сондықтан қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін ұзарту мүмкіндігіне байланысты Президент сөзіне пікір білдірген Жақсыбай Жұмаділов, мәселен, азаматтардың дені мықты, жасы ғұмырлы болуына мүмкіндік беретін өмірдің барлық саласын қамтитын салааралық бағдарлама құра алсақ, ол мүмкін болар еді дейді. "Сонда ғана біз сау денсаулықты тұрақты сақтауға, сәйкесінше ұзақ жасауға қол жеткіземіз. Айтылған ұсыныс толықтай жүзеге асырылса, онда өмір ұзақтығын 80 жасқа қана емес, одан да арырақ апаруға әбден болады" деп санайды ол. Сонымен қатар Жұмаділов қартаюдың қалыпты табиғи процесс екендігіне назар аудартады. "Бұл қандай да бір ауру түрі емес, барлық тіршілік етуші ерте ме немесе кеш пе, әйтеуір қартаяды. Әрине, жас келген сайын түрлі ауруды да жапсыра бересіз. Біз сапалы ұзақ ғұмыр туралы сөз етіп отырмыз, яғни уақыт алшақ кеткен сайын үдейтін - жүрек-қан тамырлары, ісік, Альцгеймер, Паркинсон сынды ауру түрлерінен ескертіп, оның алдын алуға тырысамыз" дейді Назарбаев университетін (Nazarbayev University) танытушы орталық басшысы.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 495.34   523.31   4.94 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети