Жарты ғасыр ішінде халықтың балаға ат қоюдағы талғамының өзгергені байқалып отыр. Тengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтеріне сүйене отырып, Қазақстанда 50 жыл бұрын балаларға жиі қойылған есімдерді анықтады.

Осыдан жарты ғасыр бұрын славян есімдерінің көп қойылғаны белгілі болды. Ал қазақ есімдерінен ұлдарға Серік, Марат, Нұрлан, Қайрат, Талғат деген аттар, қыз балаларға Гүлнәр, Сәуле, Роза есімдері жиі берілген.
1965 жылғы статистика бойынша ең танымал есімдер мыналар - ер адам есімдері: Сергей (5617), Александр (5390), Владимир (3529), Марат (1923), Андрей (1699), Юрий (1658), Олег (1603), Серік (1589), Виктор (1563), Валерий (1441), Николай (1432), Нұрлан (1273), Игорь (1267), Қайрат (1138), Талғат (1043); әйелдер есімдері - Светлана (5252), Елена (4932), Ирина (3886), Гүлнәр (3863), Татьяна (3547), Наталья (2667), Ольга (2246), Галина (1935), Лариса (1773), Сәуле (1718), Марина (1687), Людмила (1673), Валентина (1135), Роза (1014).
Ал еліміз Тәуелсіздік алғалы бері балаларға мүлдем жаңа есімдердің қойыла бастағаны белгілі. Айталық, өткен жылы ұлдарға Әлихан, Ерасыл, Нұрислам, Нұрасыл, Айсұлтан, Санжар, Рамазан, Мирас есімдері көп берілген. Ал қыздар Айзере, Айару, Інжу, Кәусар, Айша, Әмина, Аружан, Аяулым есімдерін жиі иеленген.
Қазіргі балаларға ең көп қойылатын есімдер - Әлихан және Айзере. Қазақстан бойынша барлығы 21 659 Әлихан мен 16 538 Айзере бар.