ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қымбат киімдерді, қымбат автомобильдерді сатып алатындарды сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қымбат киімдерді, қымбат автомобильдерді сатып алатындарды сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Шетелдерге барсаң, миллиардер дегендер қымбат киім кимейді, тіпті Швейарияда байлар барып, арзан киім-кешек сатып алатын дүкендер бар. Елдің көзіне түспеу үшін, қызғандырмау үшін, наразы қылмауы үшін. "Мына иттің баласы бай боп кетті демеуі үшін сөйтеді. Ал бізде қалай? Көліктің ең үлкенін, киімнің ең жарқырағанын, әйелдеріміз мойнына ең бай тастарды тағады. Дүниеде ешкім бұлай жасамайды (...)", - деді Назарбаев.
Сонымен қатар, Елбасы тауарды өз еліміздің өндіруі тиіс екеніне тоқталды. " Өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек дегенім осы. Бізге ешкім тауарларын да бермейді, қондырғыларын да бермейді. Кішігірім бастамаларды (тауар өндіруге қатысты айтылып отыр - Авт.) әр ауылда, әр ауданда, әр облыста қолдап жіберетін болсақ, тауарларын жылдан жылға сапалы етуге, көбейтуге көмектессек, солардан бәрі шығады. Барлық дүниежүзілік брендтер сөйтіп шыққан. Естеріңізде болсын", - деді ҚР Президенті.
Назарбаев бұл жолғы Жолдауын әлемдік дағдарыс кезіндегі әрекеттерге арнады. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы тікелей эфирде таратылып жатыр.