ЕАЭО ықпалдастығының келесі қадамы бірыңғай виза тәртібі болуы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©ruskidom.rs ©ruskidom.rs

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі (ЕАЭО) ықпалдастықтың келесі қадамы бірыңғай визалық кеңістік құру болуы мүмкін. Ресейдің Лондондағы елшілігінде сөз сөйлеген Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Татьяна Валовая осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі (ЕАЭО) ықпалдастықтың келесі қадамы бірыңғай визалық кеңістік құру болуы мүмкін. Ресейдің Лондондағы елшілігінде сөз сөйлеген Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Татьяна Валовая осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Министр қазіргі уақытта ЕАЭО елдерінде ортақ виза тәртібін енгізу қарала қоймағандығын айтты. "Біз ортақ виза тәртібін ықпалдастықтың келесі қадамы ретінде қарастырамыз, бірақ тап қазір емес", - деді Валовая. Ол ЕАЭО кеңістігіндегі бірыңғай виза тәртібінің инвесторлар мен туристер үшін қолайлы әрі пайдалы болатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 1 қаңтарында Ресей, Беларусь пен Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одағы өз жұмысын бастайды. Одақты құру туралы Шартқа 2014 жылдың 29 мамырында Астанада қол қойылған еді. Құжаттың күшіне енуі жұмыстың жаңа жылдан басталуын қамтамасыз етеді және ішкі сауда-экономикалық және бірігу байланыстарының дамуына, ұлттық өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және шаруашылықтың әлемдік жүйесінде Одақ елдерінің ролін күшейтуге бастау болады.

Айта кетейік, мұның алдында ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан ЕАЭО-ны құру туралы Шарт жобасын талқылау кезінде ортақ азаматтық және шекараны бірігіп күзету сияқты мәселелерді алып тастауға қол жеткізгенін хабарлаған еді. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro