Кениялық шенеунік: Арыстандардың гомосексуализімі - сайтанның ісі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Paul Goldstein © Paul Goldstein

Кенияда фильмдер классификация кеңесінің (кино цензурасы үшін жауап береді) төрағасы Иезекиль Мутуа Масаи-Мара ұлттық паркіндегі гомосекуалды арыстандарды - екі аталық арыстанды жырақта ұстауды талап етті, - деп хабарлайды NairobiNews.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Кенияда фильмдер классификация кеңесінің (кино цензурасы үшін жауап береді) төрағасы Иезекиль Мутуа Масаи-Мара ұлттық паркіндегі гомосекуалды арыстандарды - екі аталық арыстанды жырақта ұстауды талап етті, - деп хабарлайды NairobiNews.

Сонымен қатар, доктор Иезекиль Мутуа ғалымдардың арыстандардың қалайша гомесексуалды әрекетке барғанын зертеуді ұсынды. "Найроби" газетінде Мутуа жануарлардың әрекетін "түсініксіз" деп бағалап, олардың екеуі де аталық болғанына қарамастан біз оларды ер санамауымыз керек деген түйінге келді. 

"Қажетті тексерулер жүргізу керек. Сонымен қатар мен олардың биографиясын жіті қарап шыққым келеді, себебі аталық екі арыстанның бұл әрекеті дұрыс емес", - деді ол. 


© Paul Goldstein

Оның айтуынша, арыстандар екі ер адамның жыныстық қатынасқа түскенін көріп қайталауы мүмкін екен. 

"Бұл жануарларға міндетті түрде консультация керек, оларға ұлттық парк аумағына кіріп, теріс қылыққа барған гей жұптар әсер еткен болуы мүмкін. Менің ойымша олар 

Мутуаның айтуынша, гомексексуализм - бұл сайтанның күшімен жасалған іс. "Менің айтайын дегенім, сіздер мұндайды бұрын соңды естідіңіздер ме? Сайтанның әрекеті, ол адамды қойып, енді жануарларға көшкен секілді", - деді ол. 

"Мұндай есі ауысқан жануарларды жырақта ұстаған дұрыс, себебі бұл дұрыс емес. Олардың жынысқа бөлінуі ұрпақтың жалғасын меңзейді. Екі аталық арыстан ұрпақ жалғастыра алмайды, сол себепті де біз арыстандар түрін жоғалтып алуымыз мүмкін", - деді кениялық шенеунік. 


© Paul Goldstein

Кенияда Масаи-Мари ұлттық паркінде екі гей арыстанның жыныстық қатынасқа түскен сәтін ұлыбританиялық фотограф Пол Гольдштейн өткен аптада түсіріп алған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro