Қырымның Жоғарғы кеңесі аймақтың Украинадан тәуелсіздігі мен Ресей құрамына қосылуын қолдайтын декларация қабылдады деп хабарлайды "РИА Новости" парламенттің баспасөз қызметкеріне сілтеме жасап. "Шешім жаңа ғана, кезектен тыс сессияда қабылданды. Жобаны 78 депутат мақұлдады. (...) Қырым референдум өткізгеннен кейін дербес тәуелсіз мемлекет ретінде Ресей Федерациясына Ресей құрамына субъект ретінде қосылуға ұсыныс жасайды", - дейді парламент аппараты баспасөз қызметінің өкілі. Оның мәліметінше, тәуелсіздік туралы шешім қабылданғаннан кейін бірден күшіне енеді. Қырымның Жоғарғы кеңесінде барлығы 100 депутат бар. Еске салайық, 6 наурызда Қырымның Жоғарғы кеңесі РФ Президенті мен РФ Федералдық Жиналысына Ресей құрамына қосылу рәсімдерін бастау туралы ұсыныс жасаған болатын. Ал Қырымның мәртебесі туралы референдум 16 наурызға белгіленді. Бұл референдумда екі мәселе сұралады: азаматтардың Қырымның РФ құрамына енуіне және олардың Қырымның 1992 жылғы Конституциясын қалпына келтіруге көзқарасы. Ресей өз кезегінде бұл бастаманы бірден құптады, ал Украинаның жаңа билігі мен батыс елдері, сондай-ақ, АҚШ референдумның заңды екенін мойындаудан бас тартып отыр. 2001 жылғы санақтың нәтижесіне сәйкес, Қырымда 2 млн-нан астам адам тұрады. Оның 58,3%-ы - орыстар, украиндер - 24,3%, ал қырым татарлары - 12,1%.
Қырымның Жоғарғы кеңесі аймақтың Украинадан тәуелсіздігі мен Ресей құрамына қосылуын қолдайтын декларация қабылдады деп хабарлайды "РИА Новости" парламенттің баспасөз қызметкеріне сілтеме жасап.
"Шешім жаңа ғана, кезектен тыс сессияда қабылданды. Жобаны 78 депутат мақұлдады. (...) Қырым референдум өткізгеннен кейін дербес тәуелсіз мемлекет ретінде Ресей Федерациясына Ресей құрамына субъект ретінде қосылуға ұсыныс жасайды", - дейді парламент аппараты баспасөз қызметінің өкілі. Оның мәліметінше, тәуелсіздік туралы шешім қабылданғаннан кейін бірден күшіне енеді. Қырымның Жоғарғы кеңесінде барлығы 100 депутат бар.
Еске салайық, 6 наурызда Қырымның Жоғарғы кеңесі РФ Президенті мен РФ Федералдық Жиналысына Ресей құрамына қосылу рәсімдерін бастау туралы ұсыныс жасаған болатын. Ал Қырымның мәртебесі туралы референдум 16 наурызға белгіленді. Бұл референдумда екі мәселе сұралады: азаматтардың Қырымның РФ құрамына енуіне және олардың Қырымның 1992 жылғы Конституциясын қалпына келтіруге көзқарасы.
Ресей өз кезегінде бұл бастаманы бірден құптады, ал Украинаның жаңа билігі мен батыс елдері, сондай-ақ, АҚШ референдумның заңды екенін мойындаудан бас тартып отыр. 2001 жылғы санақтың нәтижесіне сәйкес, Қырымда 2 млн-нан астам адам тұрады. Оның 58,3%-ы - орыстар, украиндер - 24,3%, ал қырым татарлары - 12,1%.