Саясаткерлер, саясаттанушылар мен журналистерден құралған шетел сарапшылары Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауының өткізілу себептері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресейдің Ұлттық жаңалықтар қызметі агенттігіне сілтеме жасап.
Саясаткерлер, саясаттанушылар мен журналистерден құралған шетел сарапшылары Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауының өткізілу себептері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресейдің Ұлттық жаңалықтар қызметі агенттігіне сілтеме жасап.
Белгілі тележүргізуші Владимир Соловьевтің пікірінше, бұған ең алдымен өңірдегі қауіпсіздікке төнген қатерлер себеп. "Нұрсұлтан Назарбаев - барлық мүмкіндіктер мен қауіптерді алдын ала көре білетін дана әрі сезімтал саясаткер. Менің көзқарасым бойынша, ол "Ислам мемлекеті" тарапынан айтарлықтай қауіпті көре білді. Сайлауды ерте өткізіп, содан кейін байыппен қауіпсіздік мәселесімен айналысуды ойлады. Түрлі-түсті төңкерістер сценарийін ұмытпау керек. Мен Қазақстанда да кейбіреулер жаңа технологияларды сынақтан өткізуге тырысып жатқанына сенімдімін. Жалпы алғанда, бұл ел барлық қауіптің алдын алады деп ойлаймын", - деді Соловьев.
Оның пікірінше, Ресейге Қазақстанның экономикалық реформалар жүргізудегі тәжірибесін үйренуі керек. "Қазақстанда бір кездері жүргізілген реформалар қашанда жақсы қызғаныш туғызатын. Әсіресе, экономика реформалары. Қазақстанда бизнес салықтың басы артық қысымынан босатылып, бұл тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Бізге бұл тәжірибені алған жөн, мәселелерді шеше білетін ерік-жігерге иелік етуді үйрену керек. Оларда ештеңе кейінге қалдырылмайды. Егер шешім қабылданды ма, ол орындалады", - деді Соловьев.
Журналист Қазақстанның жылдам дамуы Президенттің тұлғасымен айқындалатынын айтты. "Өз жолын жұмысшы мамандығынан бастаған адам әралуан өлкедегі әртүрлі мамандықтағы адамдардың қадірін жақсы түсінеді. Асқан саяси сауаттылығы мен даналығының арқасында оның ісі гүлденуші мемлекетті құруға қажетті кепіл бола алады", - деді тележүргізуші.
Ресей Федералдық жиыны Федерация Кеңесінің халықаралық істер жөніндегі комитетінің мүшесі Игорь Морозовтың айтуынша, кезектен тыс президент сайлауы - мұқият ойластырылған саяси қадам. "Нұрсұлтан Назарбаев - қазіргі заманның ұлы саясаткерлерінің бірі. Меніңше, ол барлық қадамын алдын ала есептеп, ойластырып жасайды. Экономиканың ахуалы қазір аса жақсы емес. Бұл әлеуметтік саладан, яғни адамдардың көңіл-күйінен көрініп тұр. Халықаралық ахуал да экстраайрықша шараларды қолға алуға мәжбүрлейді. Қазақстанға аса оңай болмай тұр, себебі ол "Ислам мемлекеті" жиһадшыларының белсенді әрекеттеріне мейлінше жақын орналасқан. Сайлауға бір жыл ерте қатыса отырып, Назарбаев таза жеңіске жетуге мол мүмкіндік алады. Бұдан оның қабілеттілігі мен билік жүргізуі ғана емес, ол соңғы 20 жыл ішінде жүргізіп келе жатқан демографиялық реформалар да күшейе түседі", - деп есептейді Морозов.
Оның әріптесі Анатолий Лисицын кезектен тыс сайлауға күрделене түскен халықаралық ахуал себеп деп есептейді. "Қазақстан Президенті - көреген адам, сондықтан ол украин дағдарысы салдарынан және Батыстың бізден қашықтай түсуімен байланысты халықаралық ахуалдың қиындауы белгілі бір алаңдаушылық туғызатынын түсінеді. Ол болуы мүмкін саяси әрі әлеуметтік қиындықтарға сақадай сай тұруы үшін бір қадам жасап, қайта сайлануды ұйғарған болуы керек", - дейді ол.
Азаматтық қоғамды дамыту қорының басқарма төрағасы, саясаттанушы Константин Костин ерекше пікір айтты. "Меніңше, мұндай шешімнің бірнеше себебі бар. Мұның Қазақстанда 2016 жылы өтетін президент және парламент сайлауларын бөлек өткізу үшін жасалғаны сөзсіз. Сайлау - саяси алаң қаншалықты түсініксіз болса да, саяси белсенділік пен қауіп-қатерлердің артатын кезі. Көп фактор бір мезгілде әрекет ете бастайды. Сайлаушылар саяси өкілдер мен ел басшысы туралы шешім қабылдауда мотивациялардың түрлі жүйесін басшылыққа алады. Мұндайда шатасудан сақтану керек. Мемлекеттің ішінде де, сыртында да әралуан күштер пайдаланып кетуі мүмкін араласулар болмауы тиіс. Сол себепті екі сайлауды бөлек өткізген дұрыс, барлық елде солай істейді", - деді Костин.
Неміс саясаттанушысы, Германия - Ресей форумының директоры Александр Рардың пікірінше, Қазақстандағы мерзімінен бұрын өтетін сайлау ішкі саяси себептерге байланысты. "Тақта елдің мызғымас президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қалатынына сенімді болған жөн. Мерзімінен бұрын өтетін сайлауға 2016 жылы президент пен парламент сайлауын бірге өткізуге қиындық келтіретін экономикалық дағдарыс себеп делінеді. Маған Ресей мен Қазақстандағы дағдарыс бірінші кезекте әлемдік нарықтағы мұнай бағасының күрт төмендеуімен байланысты сияқты, дегенмен сарапшылар 2016 жылы мұнай бағасы қазіргідей құлдырамайды деп отыр. Қазақстанда парламент сайлауының қайта сайланған президенттің беделі алдында өткені дұрыс деп есептеген сияқты", - дейді Рар.
Саясаттанушы қандай жағдайда да алдағы бесжылдықта Қазақстан мен Ресей қарым-қатынастарының әлсіремейтініне сенімді. Бұған қоса, Рардың пікірінше, Қазақстан Ресейдің жалғыз шынайы одақтасы болуы мүмкін.