Балалар жаңа дағдыны ересектерге қарағанда тез үйрене ме? Психологтар тексеріп көрді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Балалардың жаңа дағдыларды ересектерге қарағанда жылдамырақ игеретіні туралы кеңінен тараған пікір бар. Алайда, даниялық ғалымдардың зерттеуі бұл пікірді физиологиялық тұрғыдан растамайды, - деп хабарлайды Tengri Life Naked Science-ке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Балалардың жаңа дағдыларды ересектерге қарағанда жылдамырақ игеретіні туралы кеңінен тараған пікір бар. Алайда, даниялық ғалымдардың зерттеуі бұл пікірді физиологиялық тұрғыдан растамайды, - деп хабарлайды Tengri Life Naked Science-ке сілтеме жасап.

Копенгаген университетінің мамандары балалар мен ересектердің моторлық дағдыларды игеруін салыстырды. Зерттеу нәтижелері Development Science ғылыми журналында жарияланды.

Зерттеуге 8-10, 12-14, 16-18 және 20-30 жас аралығындағы 132 адам қатысқан. Олар компьютер экранында курсорды тез және дәл жылжыту тапсырмасын орындады. Қатысушылардың дағдылары тапсырмамен танысқаннан кейін, 30 минуттық жаттығудан соң және 24 сағаттан кейін бағаланды.

Жаттығу барысында 16-18 және 20-30 жастағы қатысушылардың дағдысы 8-10 жастағы балаларға қарағанда айтарлықтай жақсы дамыған. Алайда, келесі күні жағдай өзгерді.

Зерттеу авторларының айтуынша, үлкен жастағы адамдар тапсырмалармен танысу кезінде көбірек пайда алады. Себебі когнитивті даму мен ақпаратты өңдеу қабілеті жоғары. Алайда, жаттығу аяқталғаннан кейін және келесі күні қатысушылардың жағдайы керісінше өзгерген.

Ғалымдар пікірінше, ең жас қатысушылар бір түн ішінде жақсы жетіледі, ал ересектердің дағдылары сәл нашарлайды. Балалар жаттығудан кейін жақсы есте сақтау қабілетіне ие болады.

Зерттеушілер ұйқының балалардың ақпаратты жақсы меңгеруіне көмектесетінін айтады. Сонымен қатар, ересектер мен жасөспірімдер күндіз көп түрлі іс-шаралармен айналысып, аз ұйықтайды, бұл жаңа білімді қабылдауға әсер етуі мүмкін.

Зерттеу нәтижелері білім беру мен кәсіби даярлық салаларында, әсіресе спорт пен музыкада пайдалы болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл нәтижелер реабилитация бағдарламалары үшін де қолданылуы ықтимал.

"Бұл зерттеу жас айырмашылықтарын түсінуге көмектеседі және физиотерапевтер, еңбек терапевтерінің жұмысында жаттығу протоколдарын әзірлеуде пайдалы болады," – деді психологтар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro