Қазақстанда осы көктемде тұрғын үй қымбаттауы мүмкін: себебі неде?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Наурызда Қазақстанда жыл басынан бергі құрылыс саласындағы бағаның ең айқын өсімі тіркелді. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, құрылыс материалдары бағасының индексі ақпанмен салыстырғанда 100,5 пайыз, ал 2024 жылғы наурызбен салыстырғанда – 102,2 пайыз болған. Салыстыру үшін айта кетсек, қаңтар және ақпанда бұл көрсеткіштер төменірек болған – тиісінше 99,9 және 100,1 пайыз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz TENGENOMIKA Telegram-арнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Наурызда Қазақстанда жыл басынан бергі құрылыс саласындағы бағаның ең айқын өсімі тіркелді. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, құрылыс материалдары бағасының индексі ақпанмен салыстырғанда 100,5 пайыз, ал 2024 жылғы наурызбен салыстырғанда – 102,2 пайыз болған. Салыстыру үшін айта кетсек, қаңтар және ақпанда бұл көрсеткіштер төменірек болған – тиісінше 99,9 және 100,1 пайыз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz TENGENOMIKA Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Айтарлықтай өсім негізгі құрылыс материалдарына әсер етті

Бағаның едәуір өсімі ғимараттар мен құрылыстар салуда қажетті негізгі материалдарға байланысты:

  • Тас, әктас, бор, тақтатас және гипс – бір айда 13,2 пайызға, бір жылда 52,5 пайызға өсті;
  • Пластикалық плиталар, құбырлар мен профильдер – айына +11,9 пайыз, жылына +13,1 пайыз;
  • Тауарлық бетон – айына +4,1 пайыз, жылына +7,5 пайыз.

Бұл материалдар іргетас, қасбеттер, арақабырғалар мен инженерлік жүйелерде қолданылады. Олардың қымбаттауы құрылыс процесінің жалпы құнының өсуіне алып келеді.

Импортқа тәуелділік 

Қазақстан құрылыс материалдарының басым бөлігін өзі өндірсе де, олардың айтарлықтай үлесі импортталады, әсіресе Ресейден. Сарапшылардың мәліметінше, Ресейдің құрылыс материалдары импорты нарығындағы үлесі шамамен 50 пайыз болады.

Теңгенің әлсіреуі 

2025 жылдың басынан бері теңге рубльге қатысты 20 пайыздан астам әлсіреді. Бұл ресейлік материалдардың теңгедегі бағасының өсуіне алып келді, тіпті рубль бағасы өзгермесе де. Нәтижесінде құрылыс жобаларының өзіндік құны артты.

Тұрғын үй бағасының өсуі уақыт еншісінде

Сарапшылардың айтуынша, құрылыс материалдарының қымбаттауы жылжымайтын мүлік нарығына әсер етуі мүмкін. Көктемде сұраныстың жандануы аясында құрылыс компаниялары шығындардың өсуін тұрғын үй бағасына қосуы ықтимал.

"Бағаның өсуі – отандық өндірушілерге қолдауды күшейту, логистиканы дамыту және импортқа бағытталған жеткізілімдерді қайта қарау қажеттігін білдіретін белгі. Сала сыртқы нарықтарға тәуелді болған жағдайда, ол валюта ауытқулары мен сыртқы экономикалық қауіптерге осал болып қала береді", – дейді арна авторлары.

Еске салайық, 1 сәуірде Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы инфляция жөніндегі деректерді жариялады. Бюроның мәліметінше, наурызда тұтыну бағаларының айлық индексі 1,3 пайыз болған (ақпанда ол 1,5 пайыз болған). Бір айда азық-түлік тауарларының бағасы 1,6 пайызға, ақылы қызметтер – 1,3 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,8 пайызға өсті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro