Пәтер алғанда ең алдымен, неге басымдық берілуі керек? Қазіргі жастарға қандай пәтерлер ұнайды? Жаңа үйде кіргенде қандай рәсімдер өткізу керек? Жылжымайтын мүлік нарығының маманы Айым Хасенова жастар мен жас отбасыларға арнап бірнеше кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Пәтер алғанда ең алдымен, неге басымдық берілуі керек? Қазіргі жастарға қандай пәтерлер ұнайды? Жаңа үйде кіргенде қандай рәсімдер өткізу керек? Жылжымайтын мүлік нарығының маманы Айым Хасенова жастар мен жас отбасыларға арнап бірнеше кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
- Қазіргі таңда үлкен қалалардан пәтер сатып алмас бұрын нені ескеру керек?
Үйді таңдау – өте маңызды процесс. Қомақты қаржыны талап ететін сатып алу болғандықтан бұл нәрсеге аса мұқият қарау керек. Орта есеппен алғанда әр қазақстандық өмір бойы санаулы ғана пәтер сатып ала алады. Сондықтан бұл іске тыңғылықты кірісу қажет.
Біріншіден, алатын пәтеріңіздің тұрған жеріне қарау керек. Мәселен, Астананың Бәйтерек, Хан шатыр аймағына жақын салынған эконом санатындағы үйлер бар. Олардың бағасы әркез жоғары болып тұрады және жылдам уақытта сатуға болады. Яғни әр уақытта өтімді үйлер деп айтуға болады. Жалпы, жеке Астананы алатын болсақ, онда таңдау көп айта аламын.
Екіншіден, қолда бар қаражатқа байланысты пәтердің құрылысына және неден жасалғанына қарайсыз. Сондай-ақ өз жұмысыңызға қарай қарастыруға болады. Жалпы, сізге болашақта не керек болуы мүмкін? Қай сала мен мекемемен көп жұмыс істейсіз? Осы сұрақтарды қою арқылы шешімге келуге болады. Үй алар алдында адамда нақты мақсат болуға тиіс және не қалайтынын жақсы білген жөн.
- Елімізде қаладан үйлі болғысы келетін жастар көп. Олар қандай үйді көп таңдайды?
Бәрі инфрақұрылымға байланысты. Қазіргі жастар үйінің жанында бүкіл нәрсенің болғанын қалайды. Шағын маркеттер, сауда үйі және спорт алаңдары дегендей... Ал, егер жас отбасы болса, онда үй маңайында мектеп, балабақша және аялдама болуы керек. Жалпы, жұмысқа барарда энергия құртпай, шаршамау үшін барлық мекемелердің жақын орналасқаны тиімді, сол сияқты мектептің үй жанында болуы ұтымды дер едім. Мысалы, Астананың сол жағалауынан оң жағына немеме керісінше таңатпай тұрып, балаларын балабақша мен мектепке апара жатқанын көреміз. Бұл ұзақ уақыт алады. Ал, қазір уақыттан қымбат нәрсе жоқ.
- Жаңа пәтер сатып алған соң оның құлпые ауыстыру керек деп жатады. Бұған қандай себеп бар?
Ең алдымен, бұл - қауіпсіздік мәселесі. Өйткені сіздің алдыңызда тұрған үй иесінің қанша кілті болғанын білмейсіз. Оның кімге бергенін, мүмкін жоғалтып алдыма, жоқ па білмейсіз. Сол себептен қауіпсіздік үшін есіктің құлпын ауыстырып тастау қажет.
- Жаңа үй алып ішіне кірген соң қандай рәсімдер жасау керек?
Әрине, әр адам неге сенетін болса сондай рәсім өткізеді. Ал, бәріне оратқ та дәстүрлерде бар. Олар біріншіден, өз қолымен тазалық жұмыстарын жүргізуі керек. ыЕскі дүниелерден құтылып, еденді тұзбен жуып жатады. Мұны көбі негативті энергетиканы алады дейді. Кейін үйге үлкен кісілерді шақырып, бата мен алғыс алу қажет. Осылайша, үйде жақсы атмосфера қалыптастады.
- Кейбір адамдар банктен кредит рәсімдеген кезде келісімшарттағы мәтіндерге бейжай қарап, көп пайызға ұрынады. Бұл туралы не дейсіз?
Егер адам қаржы саласында жұмыс істесе және банк жүйесінен хабардар болса, әрине ондай адамға маманға жүгінудің керегі жоқ. Егер мұндай тәжірибесі жоқ болса ғана маманға жүгіну керек. Кейде банктердегі менеджерлер клиентке дұрыс түсіндірмей жатады, тіпті түсіндіргеннің өзінде үй аламын деген адам стресте болып, ақпаратты дұрыс қабылдамауы мүмкін. Себебі, адам басқа салада жұмыс істеп келіп, бірінші рет басқа жүйенің жұмысына кірісіп жатыр. Мұндай кезде көбі қателікке бой алдыруы қалыпты жағдай. Әр банктің ұсынысы мен талаптары әртүрлі болады. Сондықтан іс-қағаз, құжат жұмыстарын арнайы заңгер немесе маманмен талқылап алған жөн.