04 ақпан 2015 | 18:02

Астанада кәсіпкердің пәтерінен 150 қаракүзен бөрік ұрланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото meha.ua сайтынан алынды Фото meha.ua сайтынан алынды

Астана қаласында екі айдың ішінде 20-дан аса пәтерді тонаған екі қарағандылық тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұсталғандар 24 және 22 жаста. Біріншісі бұған дейін сотты болған. 


Иконка комментария блок соц сети

Астана қаласында екі айдың ішінде 20-дан аса пәтерді тонаған екі қарағандылық тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұсталғандар 24 және 22 жаста. Біріншісі бұған дейін сотты болған. 

Криминалдық полиция қызметкерлерінің мәліметінше, желтоқсан мен қаңтар айларында пәтер тонау Астанада жиілеп кеткен. Мамандар кешенді шаралар мен тиісті сараптамаларды жүргізіп, барлық ұрлықты бір топтың жасағанын анықтады. "Ұрылар барлық пәтерге бірдей әдісті қолданып кірген, олар есіктің құлпын бұзған", - делінген хабарламада. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана қалалық ІІД қаңтар айында кезекті пәтер тонау бойынша хабар келіп түскен. Ұрылар тері бұйымдарын сатумен айналысқан жәбірленушінің пәтерінен жалпы құны 5 миллион теңге тұратын 150 қаракүзен бөрікті ұрлап кетті. Полиция күдіктілердің ізіне түсіп, оларды 3 ақпан күні қолға түсірді.

"Ұсталғандардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру кезінде олардың 20-дан аса пәтерді тонағаны анықталды. Күдіктілердің айтуынша, олар пәтерлерді желтоқсан айында тонаған, екі күдікті ұсталғанға дейін жалдамалы пәтерде тұрған", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, ұрылар қолды қылған алтын бұйымдарын, тондарды, ноутбуктерді ломбардтарға немесе арзан бағада сатып алушыларға өткізген. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер Астана қалалық ІІД уақытша қамау изоляторына жіберілді, тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Еске сала кетейік, 27 қаңтарда Қостанай облысы Лисаковск қаласында ұрының бір пәтердің тоңазытқышындағы тамағын жеп, 24 келі кір тасын ұрлап кеткені хабарланған болатын. Жедел шаралар барысында полицияның учаскелік инспекторы күдіктіні анықтап, ұстады. Тәртіп сақшылары одан ұрланған кір тастарын тәркіледі. Сонымен қатар, ер адамның бұған дейін де жасаған қылмыстары туралы белгілі болды. 24 жастағы ер адамға қатысты "Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети