Қазақ жігіті әйгілі Booking.com компаниясының бас кеңсесіне жұмысқа орналасты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет жеке мұрағатынан алынды Сурет жеке мұрағатынан алынды

Павлодар қаласының тумасы, бағдарлама жасаушы Әлібек Датбаев Booking.com компаниясының бас кеңсесіне жұмысқа орналасты. Қонақүйлерден орын брондауға арналған әлемдегі ең ірі сайттардың бірі Әлібекті үш рет сұхбаттасудан кейін жұмысқа қабылдаған. Әлібек әйгілі компанияға жұмысқа орналасу үшін қандай қиындықтарға тап болғанын Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар қаласының тумасы, бағдарлама жасаушы Әлібек Датбаев Booking.com компаниясының бас кеңсесіне жұмысқа орналасты. Қонақүйлерден орын брондауға арналған әлемдегі ең ірі сайттардың бірі Әлібекті үш рет сұхбаттасудан кейін жұмысқа қабылдаған. Әлібек әйгілі компанияға жұмысқа орналасу үшін қандай қиындықтарға тап болғанын Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 

Әлібек Датбаев 2015 жылдың қарашасында техқызметкерлерге арналған әлемдік сайысқа қатысады. "Booking.com компаниясы Hackerrank.com арқылы сайыс ұйымдастырды. Сайыс кезінде түрлі деңгейдегі тапсырмаларды шешу үшін белгілі уақыт беріледі. Шараға әлем бойынша 500 адам қатысты. Тапсырмаларды сәтті орындап шықтым, үш күннен кейін маған Booking.com компаниясынан хат келді, олар мені Skype арқылы сұхбаттасуға шақырды. Маған төрт тапсырмадан тұратын үй жұмысын орындауға 75 минут уақыт берілді. Ол тапсырмаларды да сәтті орындадым. Кейін маған Амстердамдағы Booking.com кеңсесіне шақырту келіп түсті", - деді Әлібек.

Программистке компания ұшу билетін, тамақтану және тұратын жердің құнын төлеп берген. Соңғы сұхбаттасудан кейін Әлібекке компания жұмыс ұсыныпты. Алғашқы айда Әлібекке компания тұратын жерінің ақшасын төлеп берген. Бұдан кейін ол пәтерақыны өз қалтасынан төлейді. Датбаев қанша жалақы алатынын айтпаса да, бұл жерде АҚШ-тағыдан екі есе кем төленетінін жеткізді. Айта кетейік, жас программист шамамен екі жыл бойы АҚШ-та жұмыс істеді. 2015 жылдың жазында ол Қазақстанға оралып, Booking.com компаниясы жұмысқа шақырғанға дейін Алматыда тұрады. Оның айтуынша, қазір компания әйеліне де жұмыс іздеп жатыр. Сонымен қатар, голланд тілін үйрететін тегін үйірмелерге қатыстырады екен.

"Маған Амстердам ұнады. Мұнда алғаш рет келуім. Бұл жерде арнайы жұмыс кестесі жоқ. Басшылық жұмысқа қай уақытта келіп, қашан кеткеніңді аңдымайды. Саған берілген тапсырманы белгіленген уақытта орындап шықсаң болғаны. Booking.com компаниясында әлем бойынша 800-ге жуық программист жұмыс істейді. Айтпақшы, маған мұнда басқа да қазақстандықтардың қызмет ететінін айтты. Дегенмен мен олармен танысып үлгермедім", - деді Датбаев.

Әлібек Датбаев - Павлодар қаласының тумасы. Ол Алматыдағы ҚБТУ-ді бітірген. Жақында ол 28 жасқа толады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro