Қазақстанда Ұлттық Бірыңғай тестілеу басталды (ҰБТ-2015) басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда Ұлттық Бірыңғай тестілеу басталды (ҰБТ-2015) басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық тестілеу орталығы сайтында ҰБТ-2015-ке 87 783 түлектің 165 пунктте қатысатыны, соның ішінде 62 385-і қазақ тілінде және 25 398-і орыс тілінде тапсыратыны хабарланған.
Осы жылы тестілеуді өткізу форматының өткен жылдардағы тестілеуді өткізуден айырмашылығы болмайды, бірақ оны ұйымдастыруға өзгерістер енгізілді. Нақтырақ айтқанда, тестілеу нәтижелері емтихан болған күнде көпшілік назарына дұрыс жауаптар коды мен емтихан ведомосын ҰБТ тапсырылған жерлерде ақпараттық стендтерде ілу арқылы хабарланады. Осыған байланысты, тестілеу нәтижелері Ұлттық тестілеу орталығының сайтында (www.testcenter.kz) ҰБТӨП-де емтихан жұмыстары өңделгеннен кейін орналастырылады. Емтихандардан кейін ілінетін тізімдегі аты-жөндер түлектердің ЖСН кодтарымен алмастырылады, ал жауап парақшасы мен сұрақ кітапшасы әр түлектен жекелей алынады. Оны тікелей ҚР Білім және ғылыми министрлігінің өкілі қабылдайды.
Осы жылы мектепті 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша оқыған түлектер аяқтайды, сонымен қатар 11 сыныптың 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша білім алған және ҰБТ-2015 тапсырғысы келгендер аяқтайды. Өтініштерді қабылау аяқталғаннан кейін 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша 341 өтініш келіп түскен.
ҰБТ-2015 өткізу ережелерінің сақталуын ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері бақылайды, әрбір тапсыру пунктіне бір техникалық жұмысшыдан барып, олар арнайы құрылғылардың жұмысын бақылайды: ұялы телефон байланысы сигналын әлсірететін құрылғы, металіздегіш және видеобақылау жүйесі. Еске сала кетейік, ҰБТ-2015 кезінде қандай да бір гаджетті қолдану - ереже бұзу болып саналады және нәтиже автоматты түрде жойылатын болады. Салынған тыйымға қарамастан, 2014 жылы ҰБТ пункттеріне кіру кезінде 30 мыңға таяу рұқсат етілмеген зат тәркіленді.
Өткен жылы ҰБТ-ны 87 593 түлек тапсырды, олардың ішінде қазақ тілінде білім алғандар - 61 678, орыс тілінде білім алғандар - 25 915. 20 236 түлек өту межесінен аса алмады, 13 137 түлек бес пән бойынша жүз балдан жоғары алды.