02 шілде 2016 | 23:04

Назарбаев: Мен президент болуды армандамадым

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. © "Хабар" телеарнасының кадры Нұрсұлтан Назарбаев. © "Хабар" телеарнасының кадры

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бала кезінде президент болуды армандамаса да, әрқашан бірінші болғысы келгенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бала кезінде президент болуды армандамаса да, әрқашан бірінші болғысы келгенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильм "Хабар" телеарнасының эфирінде көрсетілді.

"Президент болсаң, тағдырдың бұйрығы деуге болады. Мен балалық шағымда, жас кезімде, мектепте, университетте президент боламын деп ешқашан ойламадым. Бірақ мен қайда болсам да екінші болғым келмеді. Мектепте топ басы болдым (...)", - деп еске алды Назарбаев "Елбасы" фильмінде.

"Мені тағайындағанда, әлі есімде, Мәскеуде Горбачев менен "Күш бар ма?" (...) деп сұрады. Бар, не боп қалды деймін ғой. Сөйтсем ол былай дейді: Алда үлкен жұмыс бар, күрес бар", - дейді Назарбаев.

Фильмде Нұрсұлтан Назарбаевтың 1986 жылы ақпанда ҚазКСР КП XXVI съезінде сөйлеген сөзі көрсетілді.

"Әрине, бұл сөзім бүлік болды, шынымды айтайын, бірақ айтпай тұра алмадым, маған қиын болды. Өте қатты құрметтейтін басшыма сөзімнің тиіп кетіп тұрғанын түсіндім. Бірақ мен оның жеке басына тимедім, экономика жайлы айттым. Бірақ мен оған қатты тиіп кететіні жайлы тіпті ойламадым да. Өз ішімде мен оған көмектесіп жатырмын деп есептедім. Мен ол бұл жайлы білмейді деп ойладым. Мен жас болып келдім, Қазақстан экономикасындағы барлық шалалықты Қонаевқа баяндадым. Дербестік, тәуелсіздік көрінді", - дейді фильмде Назарбаев.

90-жылдар көрсетілді. "Қаладым ба, жоқ па, мені бірінші президент етіп сайлады. Мен өз үміткерлігімді алып тастаған жоқпын ғой, қарсы болмадым. Бұл қаладым деген сөз, жағымды болды. Алайда қорқыныш та болды. Күйреген ел. Кеңес одағы күйреді. Барлығы тұрақтап қалды. Экономика жұмыс істемейді, адамдардың алдында сөз сөйлеуің керек, ең бастысы - халықтың жағдайы жақсаруы үшін әрекет етуің керек. Сондай кезде іс қолымнан келе ме екен, ал мына істе бір сәті түсер, ал тағы бір жағдайда тағдырдың жазғанын көрерміз деп ойлайды екенсің", - деп еске алды Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети