Шанхайдың EXPO өткізу тәжірибесі - Қазақстанға үлгі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Шанхай. Өнер мұражайы орналастырылған павильон. ©Роза Есенқұлова Шанхай. Өнер мұражайы орналастырылған павильон. ©Роза Есенқұлова

Астанада EXPO-2017 халықаралық көрмесіне қарай 38 нысан салынады, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Мүкей айтты. Оның мәліметінше, құрылыстарға бөлінген аумақтың жалпы ауданы 173 гектарға жуықтайды. Журналистер мен блогерлерден тұратын қазақстандық делегация 2010 жылы EXPO бүкіләлемдік көрмесін қабылдаған Шанхай қаласында болып, қытайлықтардың шарадан соң нысандарды қалай пайдаланып жатқанын білді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада EXPO-2017 халықаралық көрмесіне қарай 38 нысан салынады, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Мүкей айтты. Оның мәліметінше, құрылыстарға бөлінген аумақтың жалпы ауданы 173 гектарға жуықтайды. Журналистер мен блогерлерден тұратын қазақстандық делегация 2010 жылы EXPO бүкіләлемдік көрмесін қабылдаған Шанхай қаласында болып, қытайлықтардың шарадан соң нысандарды қалай пайдаланып жатқанын білді.

"Астанада өтетін көрменің бас жобалаушысы - швейцариялық IT Engineering SA компаниясы жұмыстың 70%-ын биыл, 30%-ын келер жылы аяқтауды жоспарлап отыр. Қазір біз үшін EXPO-ны өткізген кез келген елдің, соның ішінде, Қытайдың тәжірибесі аса құнды. Біз бұл нысандардың көрмеден соң қалай пайдаланылатынын қараймыз. Астана үшін EXPO-2017 көрмесінен кейінгі кезең де аса маңызды. Біз ұлтық мұражайды, галереялар мен экспозицияларды орталық павильонға орналастыру мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Шанхай өнер мұражайын негізгі павильонға орналастырған, бұл шешім маған өте қызық болып көрінді", - дейді Мүкей.

Спикердің айтуынша, Астанада өтетін EXPO-2017 Шанхай көрмесінен халықаралық деңгейде екендігімен және үш айға созылатындығымен ерекшеленеді. Нысандардың барлығы кейін қайта бұзылмайды, қаланың көрнекі орындары ретінде қала береді.

Сарапшылардың пікірінше, Шанхай көрмесі шынымен де үлкен шара болды. EXPO-2010 көрмесін өткізу кезінде қалаға 73 млн-ға жуық турист келді. Ал Астана бір ғана Қытайдың өзінен 5 млн туристі күтеді.

"Шанхайдың көрме ұйымдастырған уақытынан төрт жыл өтті. Бірақ жергілікті тұрғындар оны әлі күнге дейін мақтанышпен еске алып, әңгімелеп жатады. Біздің азаматтарға осындай бірігу рухы, энтузиазм жетіспейді деп ойлаймын. Қытайда туристерді бүкіл ел болып күтіп алды, еріктілер жақсы жұмыс істеді. Бізге қытайлықтардан көп нәрсе үйрену керек деп ойлаймын. Біз Бейжіңдегі инновациялық технопаркті аралап көрдік. Қытай бүгінде әлемді таңғалдыратын инновацияларды ұсынып отыр. Біз EXPO-2017 қатысушысы ретінде қытайлық туристерді ғана емес, көптеген ірі корпорациялардың өкілдерін де күтеміз", - деді Мүкей.

EXPO-2017 көрмесі Астанада 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Оған 100-ден астам ел, инновациялық технологиялар саласындағы 10-нан астам халықаралық ұйым мен жетекші компания қатысады деген жоспар бар. Астанада көрме аумағында 3000-нан астам мәдени шара өтеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer