Данэлия Төлешова The World's Best шоуының финалына шыға алмады

viewings icon 693 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова америкалық The World's Best шоуының финалына шыға алмады, ол үндістандық Лидиан Надхасварамға жол берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова америкалық The World's Best шоуының финалына шыға алмады, ол үндістандық Лидиан Надхасварамға жол берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шоудың кезекті кезеңінде Данэлия әнші P!nk-тің What About Us композициясын орындаған.

Қазақстандық қатысушының қарсыласы шоу жеңімпазы атанып, миллион доллар ұтып алды. Финалда ол Оңтүстік Корея акробаттары Kukkiwon-мен сынға түскен.

Бұған дейін қазақстандық әнші Димаш Құдайберген америкалық The World's Best шоуынан кеткені хабарланған еді. Димаш Құдайберген шоуда Adagio композициясын орындаған болатын. Әнші осы әнді орындаған соң мәлімдеме жасап, судьяларды таңғалдырды. Димаш Құдайберген шоуға қатысудан бас тартып, қазылар алқасынан оны түсінуін сұраған. Әншінің айтуынша, ол бұл шоуда балалармен жарысқысы келмеген. Осылайша, енді байқаудың финалына берілер жолдаманы қазақстандық Данэлия Төлешова мен Үндістаннан келген Лидиан Надхасварам сарапқа салған.

The World's Вest - CBS арнасындағы талантты адамдар туралы телебағдарлама. Төрешілер арасында танымал актриса Дрю Бэрримор, әнші Фэйт Хилл және актер Ру Пол бар, сондай - ақ, жүргізуші - британдық күлдіргі Джеймс Корден. Соңғы шешімді үш бас төреші мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген 50 сарапшы қабылдайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
21°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro