27 шілде 2016 | 11:04

Маусымда ҚР Ұлттық банкі валюта нарығына қатысуын барынша азайтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Маусымда ҚР Ұлттық банкі валюта нарығына қатысуын барынша азайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Маусымда ҚР Ұлттық банкі валюта нарығына қатысуын барынша азайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалғасы

2016 жылғы маусымда Ұлттық банк ішкі валюта нарығында өктемдік жүргізді, нетто-сатып алу көлемі 2,5 миллион долларды құрады. Ұлттық банктің валюта нарығына қатысу үлесі барынша төмен болып, 0,1 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін реттеушінің Интернет-порталында жарияланған ҚР ҰБ-ның "Қаржы нарығындағы ахуал туралы" баспасөз релизінде айтылған.

Ресми хабарда 2016 жылғы маусымда теңгенің айырбастау бағамы бір доллар үшін 330,16-339,69 теңге аралығында өзгергені айтылады. 2016 жылғы маусымның соңында теңгенің америкалық валютаға қатысты биржалық бағамы бір ай ішінде 0,8 пайызға төмендеп (жыл басынан бастап нығаю - 0,4 пайыз), 1 доллар үшін 338,66 теңге болды.

Қазақстан қор биржасында KZT/USD валюталық жұбы бойынша биржалық операциялар көлемі 2016 жылғы мамырмен салыстырғанда 2016 жылғы маусымда 6,4 пайызға өсіп, 2,7 миллиард долларды құрады. Биржадан тыс валюта нарығында KZT/USD валюталық жұбы бойынша операциялар көлемі 2016 жылғы мамырмен салыстырғанда 20,2 пайызға ұлғайып, 7,7 миллиард доллар болды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 16,3 пайызға өсіп, 10,4 миллиард доллар болды.

"Қолма-қол шетел валютасы нарығында айырбастау пункттері арқылы халық тарапынан қолма-қол АҚШ долларын сату үрдісі жалғасуда. 2016 жылғы маусымда халық 25,7 миллион доллар сатты (2016 жылғы ақпан-маусымда 972,9 миллион доллары сатылды)", - деп атап өтілген баспасөз релизінде. 

Нақты айырбастау бағамына келер болсақ, ағымдағы жылғы мамырда 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда теңге нақты көрсеткіш бойынша 0,8 пайызға әлсіреген (37 елдің валютасына қатысты нақты тиімді айырбастау бағамының индексі базасында). 2014 жылдың басынан бастап 2016 жылдың мамыры аралығында 26,2 пайызға әлсіреген.

ҚР ҰБ деректері бойынша, 2016 жылғы бес ай ішінде теңгенің Ресей рубліне қатысты әлсіреуі нақты көрсетуде (нақты айырбастау бағамы) 4,8 пайызды құраса, ал 2014 жылдың басынан бастап 2016 жылдың мамыры аралығында 6,7 пайызға әлсіреді. 

Еске салайық, 11 шілдеде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13 пайызға төмендеткен болатын. Банк өкілдерінің айтуынша, ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты, валюталық тәуекелдерге қатысты жағымсыз күтулер төмендеп жатыр екен. Ұлттық банктің бағалауынша, теңге бағамы іргелі сыртқы және ішкі факторлардың үйлесуін көрсетіп отыр, бұл туралы оның соңғы айлар ішінде шамалы өзгеруі және Ұлттық банктің ішкі валюта нарығына қатысу деңгейі растап отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети