08 қазан 2014 | 16:28

"Күрд факторы" "Ислам мемлекеті" белсенділігін арттырып отыр - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ислам мемлекеті" содырлары. ©trt.net.tr "Ислам мемлекеті" содырлары. ©trt.net.tr

Сирия мен Түркия шекарасында "Ислам мемлекеті" шебінің нығаюына "күрд факторы" себеп, Tengrinews.kz тілшісіне саясаттанушы Досым Сәтпаев осындай пікір білдірді. Айта кетейік, бұл шекаралас аумақтарда ұрыс жүріп жатыр - "Ислам мемлекеті" (ИМ) содырлары Сирияның күрдтер тұратын Кобани қаласын басып алуды ойлайды.


Иконка комментария блок соц сети

Сирия мен Түркия шекарасында "Ислам мемлекеті" шебінің нығаюына "күрд факторы" себеп, Tengrinews.kz тілшісіне саясаттанушы Досым Сәтпаев осындай пікір білдірді. Айта кетейік, бұл шекаралас аумақтарда ұрыс жүріп жатыр - "Ислам мемлекеті" (ИМ) содырлары Сирияның күрдтер тұратын Кобани қаласын басып алуды ойлайды.

Сәтпаевтың айтуынша, Кобани - өңірдегі маңызды стратегиялық пункт, егер ИМ содырлары оны басып алса, бұл шекараның осы бөлігін бақылауға алуға мүмкіндік береді. Саясаттанушы бұл әрекеттерімен радикалдардың бірнеше мақсатқа жетуді көздеп отырғанын айтты: өңірдегі ахуалды тұрақсыздандыру, жаңа аумақтарға жол ашу, содырлармен күресуші қарулы құрылымдарға гуманитарлық көмек жеткізуге тосқауыл қою.

Сарапшының айтуынша, шекарадағы қала төңірегіндегі ахуал терроризмнің геосаясаттан және жекелеген мемлекеттердің ойланбай жасаған әрекеттерінен туатынын көрсетіп отыр. "Түркия қазір айдаһарды қолға үйретуге тырысқан адамның әрекетін еске салады, ол айдаһар енді оның өзіне ауыз салып жатыр. Мен Түркия екі үлкен қателік жіберді деп ойлаймын, біріншісі - геосаяси ойынын АҚШ-пен және кейбір араб елдерімен бірге өрбітіп, Башар Асад режимін құлатуға тырысуы, сөйтіп, Сириядағы ғана емес, бүкіл өңірдегі ахуалдың тұрақсыздануына түрткі болуы. Тұтас аймақ тұрақсызданған кезде, әрине, көптеген осындай құбылыс болады, соның ішінде, ескі және жаңа радикал ұйымдар белсене түседі", - деді Сәтпаев.

Сәтпаевтың айтуынша, түрік билігінің екінші қателігі - Сирия аумағында заңсыз қарулы құрылымдарды қолдануы. "Түркия бұл күштердің өз ішінде "Троя аты" сияқты әл-Каида жақтастарының, кейін басқа да топтардың, соның ішінде, "Ислам мемлекетінің" шығатынын білмей қалды", - дейді саясаттанушы.

Оның пікірінше, Батыстың күрд қарулы құрылымдарынан көмек сұрауға мәжбүр болуында да кілтипан бар. "Қазір "күрд факторы" күшейіп барады - күрдтер АҚШ пен Еуропалық одақ қолдайтын ірі ойыншыға айналып жатыр, әрине, келешекте Түркияға олармен есептесуге тура келеді", - деді Сәтпаев.

Түркия билігі елдегі жергілікті күрдтер ұйымдастырған тәртіпсіздіктерге байланысты алты провинцияда коменданттық сағат енгізген болатын. Оған ел билігінің Сириядағы жанжалға араласпауы себеп болды, тәртіпсіздік құрбандарының қатары 15 адамға жетті, тағы ондаған адам жарақат алды.

"Күрд факторының" күшейгенін саясаттанушы Расул Жұмалы да айтып отыр. "Парадокс жағдай қалыптасып отыр - егер бұрын Сирия мен Түркияның ресми билігі күрд белсенділерін қолдамаған болса, енді екі жаманаттың біреуін таңдауға тура келетін жағдайға тап болды, күрдтер исламистерге қарсы тұруы үшін оларды қолдай бастады", - деді сарапшы.

"Ислам мемлекеті" ықпалын жоюға мүдделі мемлекеттер көп - олар батыс коалиция күштері, әсіресе, Түркия мен Ирак. Бірақ іс жүзінде олардың қолынан ештеңе келмей отыр. Батыс әуе соққыларымен, зымыран-бомба соққыларымен ғана шектеледі. НАТО тарапынан жерде ИМ-ға қарсы операция жүргізу туралы сөз болып отырған жоқ. Түркия да жанжалға тікелей араласып жатқан жоқ, тек күрд құрылымдарына қарумен, техникамен, қаржымен көмек беріп отыр", - деді Жұмалы. Ол содырлар Кобани қаласын басып алған жағдайда Таяу Шығыс пен Батыс елдерінің белсенді ұрыс әрекеттеріне көшуі ықтимал екенін айтты.

Сәтпаев "Ислам мемлекетінің" тағы бір мақсаты бар екенін айтты, ол - басқа қалаларды басып алу. Саясаттанушының айтуынша, бұл - кепілге алынған шетелдіктерді өлтіру жөніндегі атышулы акциялары бар ақпараттық науқанның бір бөлігі. Батыс содырларға қарсы антитеррорлық операциялар жүргізетінін жарнамалап жатқанда "Ислам мемлекетінің" жетістіктерге жетуі радикал топтардың әлем бойынша моральдық рухының нығаюына септігін тигізеді.

Саясаттанушы "Ислам мемлекеті" идеологиясына қолдау білдірген Өзбекстан радикалдарына қатысты соңғы жаңалықтарға да көңіл аударды. Сәтпаевтың айтуынша, қазақстандық сарапшылар Ауғанстан аумағында ИМ сияқты ұйымдардың пайда болу қаупі туралы әлдеқашан-ақ айтқан, олар Орталық Азиядағы радикал құрылымдармен бірігіп, бүкіл аймаққа қауіп төндіруі мүмкін.

"Кейбір сарапшылар түрікмен-ауған шекарасын ең осал учаске деп отыр. Егер радикал топтардың тууы түрікмен бағытына қарай кетсе, ол Қазақстанның батысындағы мұнай-газ аймағына жол ашып беруі мүмкін", - деді Сәтпаев.

Саясаттанушының айтуынша, Орталық Азия елдері "Ислам мемлекеті" тобымен жеке-жеке күресе алмайды. "Бізге Орталық Азия елдерінің күшін біріктіру керек, өйткені біздің өңірдің құқық қорғау құрылымдарына қарағанда, террористік ұйымдар шоғырлануға, өзара көмекке мейлінше бейім", - деді сарапшы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети