Ердоған: Мұсылмандар Америкада Колумбтан 300 жыл бұрын болған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған мұсылмандар Американы Христофор Колумбтан 300 жыл бұрын ашқан деп мәлімдеме жасады. Бұл жөнінде BBC News хабарлап отыр.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған мұсылмандар Американы Христофор Колумбтан 300 жыл бұрын ашқан деп мәлімдеме жасады. Бұл жөнінде BBC News хабарлап отыр.

Латын Америкасындағы мұсылман діні басшыларының саммитінде Ердоған теңіз саяхатшысы Колумбтың күнделігіндегі жазбаларды көлденең тартқан. Онда Кубадағы дөң басындағы мешіт жайлы жазылған. Түрік көшбасшысының айтуынша, мұсылман теңізшілері Америкаға 1178 жылы барған. Эрдоган дәл сол жерге мешіт салуға дайын екендігін атап өткен.

Жалпы, Колумб 1492 жылы Үндістанға жаңа жол іздемек болған әрекеті кезінде Американы ашқан болып саналады. Алайда 1996 жылы тарихшы Юсеф Мруэ мақала жариялап, онда Колумбтің күнделігіндегі жазба мұсылмандардың Американы бірінші болып ашқандығының және "Исламның кеңінен тарағандығының" дәлелі екендігін мәлімдеген болатын. Ал кейбір тарихшылар Колумб өз күнделігінде "таудағы мешіт" деген сөздерді таудың мешітке ұқсайтындығын бейнелеу үшін ауыспалы мағынада қолданды деп санайды. Сонымен қатар, мұсылмандардың Колумбқа дейін Америкада болғандықтарын білдіретін ешқандай дәлелдер жоқтығын алға тартады.

Тарихи тұрғыда Солтүстік және Оңтүстік Америкаға жеткен алғашқы адамдар Азиядан болған. Олар Беринг бұғазын шамамен 15 мың жыл бұрын кесіп өткен деп саналады. Америкаға алғаш жеткен еуропалықтар Скандинавия теңізшілері екен, олар бұл құрлыққа Колумбтан 500 жыл бұрын барып қайтқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro