Италиядағы жеңісінен кейін күлкіге қалған қазақстандық шаңғышы өз әрекетін түсіндірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ski sport TV видеосынан алынған кадр Ski sport TV видеосынан алынған кадр

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин "Тур де Ски" көпкүндігінің Италиядағы Валь-ди-Фьемме аймағында өткен масс-старт кезеңіндегі жеңісінен кейін берген "әдепсіз" сұхбатына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин "Тур де Ски" көпкүндігінің Италиядағы Валь-ди-Фьемме аймағында өткен масс-старт кезеңіндегі жеңісінен кейін берген "әдепсіз" сұхбатына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жайт сұхбат кезінде журналистің қазақстандық шаңғышыға ағылшын тілінде сұрақ қойған кезінде болды, ол күліп, орыс тілінде жауап берді: "*** (блин), говорите слишком быстро. Я не понимаю".

"Аздап күліп алдыңыздар. Мен әдейі істеген жоқпын, рас айтамын", - деп жазды Полторанин Instagram парақшасында.

Айта кетейік, қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин "Тур де Ски" көпкүндігінің Италиядағы Валь-ди-Фьемме аймағында өткен масс-старт кезеңінде топ жарды.

15 шақырымды классикалық әдіспен жүрудегі масс-старт сынында қазақстандық спортшы бірінші болып келді. Ол аталған қашықтықты 38 минут 40,3 секундта жүріп өтті. Екінші орын алған ресейлік Андрей Ларьков отандасымыздан 0,4 секундқа кеш келді. Үздік үштікті канадалық Алекс Харви түйіндеді.

Алексей Полторанин "Тур де Ски" көпкүндігінде екінші рет жүлдегерлер қатарынан көрініп отыр. Осыған дейін отандасымыз 15 шақырымды классикалық әдіспен жекелей жүріп өтуде күміс жүлде еншілеген еді.

Кешегі жарыс қорытындысы бойынша Алексей Полторанин жалпы есепте екінші орынға көтерілді. Бірінші орында швейцариялық шаңғышы Дарья Колонья келеді. Үштікте ресейлік шаңғышы Сергей Устюгов тұр.

Қыздар арасында 10 шақырымды классикалық әдіспен жүрудегі масс-старт сынында норвег шаңғышысы Хейди Венг жеңімпаз атанды. Екінші орынды фин Криста Пярмякоски иеленсе, австриялық шаңғышы Тереза Штадлобер үшінші орынды жеңіп алды. Қазақстандық Анна Шевченко 16-орыннан көрінді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro