Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы атанды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Vesti.kz сайтының тілшісі хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Vesti.kz сайтының тілшісі хабарлады.

17 жастағы отандасымыз осыған дейін жасөспірімдер арасында күміс және қола медаль жеңіп алған болатын. Бұл жолы әлем чемпионатының алтыны бұйырды.

Жансая әлем чемпионатында он бір ойын өткізіп, тоғызында жеңіске жетті. Бір ойында тең түсіп, бір ойында жеңілді. Нәтижесінде 9,5 ұпай жинап, әлем чемпионы атанды. Cоңғы турда америкалық шахматшы Дженнифер Юмен кездесіп, жеңіске жетті.

Бірінші турда Жансая осы жылы оқушылар арасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған отандасымыз Назерке Нұрғалимен кездесіп, жеңіске жетті. Екінші турда армян Сирануш Гукасяннан айласын асырды. Үшінші турда үндістандық Вайшалиден ұпай алды.

Төртінші турда Жансая украиналық Юлия Осьмакпен тең түсіп қалды. Кейіннен Номин-Эрдене Даваадемберель (Моңғолия) мен Нино Хомерикиді (Грузия) жеңді. Сондай-ақ Жансая Қазақстаннан Ресейге кеткен Бибісара Асаубаевамен де ойнап, айласын асырды.

Жансая жарыста сегізінші турда ресейлік шахматшы Анастасия Парамзинаға есе жіберді. Одан кейінгі турларда өзбекстандық Гүлрухбегім Тохиржанованы, грекиялық Ставрула Цолакидуды ұтты.

Айта кетейік, 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионаты Италияның Тарвизио қаласында өтті. Жарысқа осы жас аралығындағы әлемнің кіл мықты шахматшылары қатысты.

Жансая Әбдімәлік - қыздар арасында төрт дүркін әлем чемпионы. Қазіргі таңда Top 100 Women November 2017 рейтингінде 40-орында тұр.

Өткен жылы 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында отандасымыз Динара Сәдуақасова әлем чемпионы атанған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro