Сурет sport-express.ru сайтынан
ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының алтыншы күні қазақстандықтардан бірінші болып бәйгеге шаңғышы қыздарымыз түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Классикалық әдіспен 10 шақырымға жарысуда Елена Коломина 36-орынды, Анастасия Слонова 46-орынды, Татьяна Осипова 52-орынды қанағат тұтты. Шорт-тректен әйелдер арасындағы 500 метрлік қашықтықта Инна Симонова алғашқы електік сыннан өте алмады. Сәлден кейін ерлер арасындағы эстафета (5000 метр) басталады. Біздің жігіттер Корея, Голландия және АҚШ шорттрекшілерімен бір төрттікте жүгіреді. Ал кеш батқан соң (түн қараңғысында) биатлоншы жігіттеріміздің, конькиші қызымыз Екатерина Айдованың (1000 м) және мәнерлеп сырғанаушы жігіттеріміз Абзал Рақымғалиев пен Денис Теннің тілеуін тілейміз. Соңғы екеуі бүгін қысқа бағдарламада сынға түседі. Жүлдегерлер ертең еркін бағдарламадан соң анықталады. Бүкіл Қазақстан Денис Тенге үлкен сенім артып отырғандығын айтудың өзі артық болар.
ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының алтыншы күні қазақстандықтардан бірінші болып бәйгеге шаңғышы қыздарымыз түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Классикалық әдіспен 10 шақырымға жарысуда Елена Коломина 36-орынды, Анастасия Слонова 46-орынды, Татьяна Осипова 52-орынды қанағат тұтты.
Шорт-тректен әйелдер арасындағы 500 метрлік қашықтықта Инна Симонова алғашқы електік сыннан өте алмады. Сәлден кейін ерлер арасындағы эстафета (5000 метр) басталады. Біздің жігіттер Корея, Голландия және АҚШ шорттрекшілерімен бір төрттікте жүгіреді.
Ал кеш батқан соң (түн қараңғысында) биатлоншы жігіттеріміздің, конькиші қызымыз Екатерина Айдованың (1000 м) және мәнерлеп сырғанаушы жігіттеріміз Абзал Рақымғалиев пен Денис Теннің тілеуін тілейміз. Соңғы екеуі бүгін қысқа бағдарламада сынға түседі. Жүлдегерлер ертең еркін бағдарламадан соң анықталады. Бүкіл Қазақстан Денис Тенге үлкен сенім артып отырғандығын айтудың өзі артық болар.