20 маусым 2024 | 10:02

Қазақстанда қандай мамандар жетіспейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Үкіметте көлік және қаржы саласындағы мамандарды даярлау мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Үкіметте көлік және қаржы саласындағы мамандарды даярлау мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Ұлттық кәсіптік біліктілік кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Көлік министрлігінің болжамына сәйкес, 2030 жылға дейін аталған салаларға 8,8 мыңға жуық маман қажет болады. Қазір кадрлар 49 жоғары оқу орындарында және 280-ден астам колледждерде даярланып жатыр. Вице-министр оқу орындарының саны көп көрінгенімен, кейбір мамандықтар бойынша мысалы, көпірлер мен теміржолдар құрлысы бойынша оқитын студенттер аз екенін атап өтті. Сондықтан Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп гранттарды қайта бөлу мәселесі қаралып жатыр.

Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейілдің мәліметінше, жетекшілік ететін салада "бухгалтер" мамандығы бойынша бір кәсіби стандарт пайдаланылады. Оны озық жоғары оқу орындарының білім бағдарламалары бойынша өзектендіру көзделіп отыр. Бұл реттер АССА (Association of chartered certified accountants) халықаралық біліктілігі бойынша студенттерді оқыту және сертификаттау мәселесі қарастырылып жатыр. Осылайша, диплом алған және өз біліктілігін растаған түлектерді жұмысқа орналастыру процесін жеңілдету жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети