EXPO кезінде қазақстандық ең мықты боксшылардың басын қосамыз - Мұхамедиұлы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында биыл жазда Астанада EXPO-2017 көрмесінің аясында өтетін бокс кешіне дайындықтың қалай жүріп жатқаны жайлы айтып берді. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында биыл жазда Астанада EXPO-2017 көрмесінің аясында өтетін бокс кешіне дайындықтың қалай жүріп жатқаны жайлы айтып берді. 

"Қазір біз келіссөз жүргізіп жатырмыз. Геннадий Головкинмен EXPO өкілдері, ал Қанат Исламмен мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері келісіп жатыр. Біз үздік боксшыларымызды жинауға тырысамыз", - деді Мұхамедиұлы. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, министрлік өкілдері Қанат Исламның промоутерімен кездесіпті. "Қазір ол боксшының кіммен жұдырықтасатынын анықтап жатыр және әлемдік федерациямен келіссөз жүргізіп жатыр. Мәлімет болса, дереу хабарлаймын", - дейді министр.

Сондай-ақ, министр бокс кешінде қанша жекпе-жек өтетінін айтты.

"Бұл іспен промоутерлер айналысады. Бірақ біз ең мықты қазақстандықтарды жинауға тырысамыз. Боксшылардың өзі дайын, бірақ оларға лайықты қарсылас таңдау қиын. Себебі жекпе-жектер өте қызық болады. Айта кетейік, біздің боксшылар гонорарсыз жұдырықтасуға дайын. Бокс кешінің қайда өтетінін әлі қарастырамыз. "Астана-Арена" бар, велотрек бар, онда 10 мың адамға орын бар. Осы екі нысанның бірінде өтеді", - деді министр.

Еске салайық, осыған дейін 10 маусымда EXPO-2017 аясында WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен WBO бойынша белбеу иегері, ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) кездеседі деген ақпарат тараған еді. EXPO баспасөз қызметіндегілер келіссөздердің жүргізіліп жатқанын мәлімдеген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro