Қазақстанда қолжетімді тұрғын үйлердің бағасы бұрынғы күйінде қалады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Tengrinews.kz иллюстрациясы Tengrinews.kz иллюстрациясы

Қолжетімді тұрғын үйлердің бір шаршы метрінің бағасы бұрынғы күйінде қалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ орталық аппаратының қоғаммен байланыс жөніндегі басқармасына сілтеме жасап. Биыл жалпы ауданы 540 мың шаршы метр болатын тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қолжетімді тұрғын үйлердің бір шаршы метрінің бағасы бұрынғы күйінде қалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ орталық аппаратының қоғаммен байланыс жөніндегі басқармасына сілтеме жасап. Биыл жалпы ауданы 540 мың шаршы метр болатын тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Банктің тұрғын үйді пайдалануға берудің негізгі жылдық жоспары - 300 мың шаршы метрге тең. Банк бірінші санат бойынша 2 164 пәтерді пайдалануға берді, ал екінші санатта банктің 5 923 салымшысы пәтер алды. 

"Банк "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасы аясында 60 миллиардқа жуық теңгені бюджетке мерзімінен бұрын қайтарды. "Бәйтерек" ұлттық басқару холдингінің еншілес компаниясы - "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ биыл "2020 жылға дейін өңірлерді дамыту" - "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасы бойынша өз бағытын толық көлемде іске асырмақшы. Салынып жатқан нысандарды қаржыландыру толық сақталатын болады. Банк "Жас отбасыға арналған тұрғын үй" мен "Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй" атты екі бағытын әрі қарай да жүзеге асыра береді", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, 2014 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында жалпы ауданы 429 300 шаршы метр тұрғын үй немесе 7 033 пәтер пайдалануға берілді, сонымен қатар, сол тұрғызылған үйлердің төлемі ретінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жергілікті атқару органдарына 34 миллиард теңге, ал 2012 жылдан бері өткен тұрғын үйлер үшін әкімдіктерге 59,9 миллиард теңге аударған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 2015 жылы "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" бағдарламасы аясында 10 мыңға жуық жалға берілетін пәтердің тұрғызылатыны хабарланған болатын. "Бәйтерек" ұлттық басқару холдингі 5 жылдың ішінде жалпы ауданы 1 миллион 483 мың шаршы метр болатын жалға берілетін тұрғын үйді салуды жоспарлап отыр. Ал 2015 жылы бағдарламаға сәйкес 9 740 пәтер немесе 487 мың шаршы метр көлемінде жалға берілетін тұрғын үй салынады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro