Ермегияев ісі бойынша куәгер Миландағы EXPO-да қазақстандық павильонға қанша қаражаттың жұмсалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ермегияев ісі бойынша куәгер Миландағы EXPO-да қазақстандық павильонға қанша қаражаттың жұмсалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сотта "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-ның халықаралық қатынастар департаментінің директоры Нұрбек Ергешбаевтан жауап алынды. Ол 2013 жылы ҚР Экономика және бюджет жоспарлауы министрлігінің 2014-2015 жылдары Қазақстанның "Милан-2015" халықаралық көрмесіне қатысуына бюджеттің қарастырылғанын хабарлады.
"Бұл қаражат бөлінді, 2014 жылдың мамырында CONSULTORIA-мен ҚР-ның Миланда қазақстандық павильонның құрылысына қатысуын қамтамасыз ететін келісімшарт жасалған. Жұмыс басталғаннан кейін CONSULTORIA-дан барлық жұмысты аяқтау үшін қосымша 3,3 миллиард теңгені бөлудің қажет екені жайлы хат келіп түсті. Бұл бағам айырмашылығына байланысты болды делінді. Яғни қаражат бөлінгенде евроның бағамы басқа болды да, келісімшартты жасауда және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде басқа бағам болды", - деп түсіндірді Ергешбаев.
Ол сол уақытта келіссөздер кезінде бар қаражатты тиімді әрі барынша қолдану және қазақстандық павильонды дайындап беру туралы шешім шығарылды.
"Тамызда басқарма төрағасы Ермегияевтің төраға орынбасарларымен бірге өткен жиынында бұл өтінімді қарастырып, шешім шығару тапсырылды. Бұл өтінім қабылданып, оны менің басшым болған Трэвис Кососки қарастырды. Сол уақытта Миланда тағайындалған комиссар Әнуарбек Мусин болды. Барлық мән-жайы қарастырылды. Өтінім бюджет департаментіне енгізіліп, әрмен қарай Экономика министрлігіне өтінім болды. Осыдан кейін бұл шығынның өсуі бойынша барлық пунктті жіті түсіндіру сұралды", - деді Нұрбек Ергешбаев.
Сонымен қатар, ол сотқа бюджет пен жобаны жүзеге асыруға қатысты мәселелерді комиссардың шешкенін хабарлады.
"РБК (республикалық бюджет комиссиясы - Авт.) қарап, қосалқы мердігерлер қорғап шыққаннан кейін, мен кейбір пункттеріне қарсы болдым - жаратылған қаражаттың құнына. Осыған байланысты Кососки денсаулығыма байланысты алған демалыс күндерімде маған хабарласып, бұл қаражаттарды бөлу үшін қол қоюым керектігін айтты және мұның басшылықтың тапсырмасы екенін жеткізді. Біздің павильонда қолданылған технологиялардың барлығы ерекше, ерекше тәсілмен жасалған, мультимедиялық жабдықтар орнатылды дегендерге қарсы болдым, олар ұсынған жұмыстың құны шын мәнінде дұрыс бағаланған-бағаланбағаны маған түсініксіз болды. Бірақ жұмсалған қаражаттың сәйкес келу-келмеуін тексеруге мүмкіндігім болмады. (...) Осыдан кейін бұл бастаманың көтерілуі тиістігі айтылды, яғни қосымша келісімшартқа қол қою керек болды, қарсы болсақ жұмыстан кетуіміз тиіс еді", - деді сотта Нұрбек Ергешбаев.
Оның айтуынша, CONSULTORIA-мен жасалған келісімшарттың құны 1,476 миллиард теңге және оған қосымша келісімшарттың құны - 4,856 миллиард теңге болған.