Күніне үш кесе қара шай ішу сусамыр ауруынан қорғайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©o-chae.com ©o-chae.com

Жапон және американ ғалымдары жүргізген екі зерттеудің нәтижесінде қара шайдың адам ағзасында қант деңгейін азайтатыны анықталды, - деп хабарлайды Daily Mail. Мамандар сусынның өзін емес, қара шайдың экстрактын зерттеген. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жапон және американ ғалымдары жүргізген екі зерттеудің нәтижесінде қара шайдың адам ағзасында қант деңгейін азайтатыны анықталды, - деп хабарлайды Daily Mail. Мамандар сусынның өзін емес, қара шайдың экстрактын зерттеген. 

Америка тарапынан зерттеуді Фрэмингэм университетінің өкілі Лиза Стригель жүргізді. Ол қайнаған шайдан антиоксиданттардың көп мөлшерін бөліп шығарды. Олар адам көмірсулары бар тамақ жегеннен кейін ағзада қантты арттыратын энзимдерді тұсаулай алған. Ал Хоккайдо фармацевтика университеті жанындағы Фармацевтика мектебінің ғалымдары болса, қара шай жапырағы ұнтақты экстрактын мұздатқан, алынған зат та энзимдердің әрекетін тыя алатын болып шықты. 

Ең бастысы, қара шайға қосылған сүт те оның құрамындағы заттардың осы қызметіне кедергі келтірмейді екен. Сүт қосылған шай да ағзада глюкозаның көбеюін тежей алады. Ғалымдардың айтуынша, бұл, әсіресе, сусамырдың 2 типті түрімен ауыратындарға аса пайдалы. Айта кетейік, бұған дейін 300 мыңға жуық адам қатысқан зерттеудің нәтижесінде күніне 3-4 кесе шай ішудің 2 типті сусамыр қаупін 25 пайызға азайтыны анықталған болатын. 

Шай құрамындағы заттардың сусамыр кеселіне қарсы әсері мынада екен: магний мен антиоксиданттар қайнаған шай құрамында өте белсенді болады. Антиоксиданттар қабынуды реттеп, тромбтардың түзілу деңгейін төмендетеді, қан тамырларынң жұмысын жақсартады, қанайналымы жолдарының бөгелуін болдырмайды. Енді мұның қатарына қандағы қант шамасын реттеу мүмкіндігі қосылып отыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның әлемдегі шайды ең көп ішетін 10 елдің қатарына енгені хабарланған болатын. Шайды тұтынудың орташа мөлшері Қазақстанда адам басына шаққанда 1,54 келіге тең. Әлемде шайды ең көп ішетін ел Түркия болып шықты. Шайды тұтынудың бұл елдегі орташа мөлшері жан басына шаққанда 6,87 келі болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro