Ахметжан Есімов қалаға жақын салынып жатқан құрылыстарды тоқтатуды тапсырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Алматы әкімі Ахметжан Есімов облыс аудандарындағы қалаға жақын салынып жатқан құрылыстар мәселесін шешуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз хабарламасында Алматының сәулет-жобалау қауымдастық өкілдері Ахметжан Есімовке 2030 жылға дейінгі қала құрылысы Бас жоспарының кезеңаралық Концепциясын таныстырғаны айтылды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Ахметжан Есімов облыс аудандарындағы қалаға жақын салынып жатқан құрылыстар мәселесін шешуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз хабарламасында Алматының сәулет-жобалау қауымдастық өкілдері Ахметжан Есімовке 2030 жылға дейінгі қала құрылысы Бас жоспарының кезеңаралық Концепциясын таныстырғаны айтылды.

Ұсынылған жобалар Алматы аумағының кеңеюіне байланысты Бас жоспарға сай ұсынылды. Жобалардың авторлары қоғамдық және жедел көлік түрлері, магистральді жолдары, абаттандарылған көшелері бар контрмагниттер болып табылатын тиімді қалаларды құру мәселесін шешудің әдістерін ұсынды. Ахметжан Есімов ерекше қала құрылысы аймақтарының Бас жоспарды ескере отырып жасалуы керектігін айтты.

Оның айтуынша, Алматыдан жырақ орналасқан Қапшағай, Шелек, Есік, Ұзынағаш контрмагнитті қалалар болуы тиіс. "Кейбір контрмагниттер қызыл сызықтан шығып, қалаға қосылып кеткен. Сондықтан Бас жоспарда қаладан жырақ жатқан контрмагниттердің ескерілуі тиіс екендігі міндет етіп қойылған. Қаламен бірге Алматы облыстық әкімдігіне де бұл мәселелерді барынша жіті қарау ұсынылады. Өйткені, бұл жерлерде құрылыс келеңсіз жүріп жатыр, оларды тоқтатып, аталған елді мекендердің бас жоспарларын қарап шыққан жөн, өйткені олар ескерілмейді", - деді Ахметжан Есімов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro