Қазақстан КХДР-дің сутегі бомбасын сынақтан өткізуін айыптайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Zn.ua © Zn.ua

Қазақстан СІМ Солтүстік Кореяның ядролық сынақ өткізуіне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан СІМ Солтүстік Кореяның ядролық сынақ өткізуіне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімдемеде 2016 жылдың 6 қаңтарында КХДР-дің сутек бомбасының сәтті сынағын өткізгені туралы ресми түрде хабарлағаны айтылған. "Осыған орай, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1718 (2006), 1874 (2009), 2087 (2013) және 2094 (2013) резолюцияларын бұза отырып, КХДР-дың осындай әрекетінің жөнсіздігі және үзілді-кесілді айыптайтыны туралы мәлімдейді", - делінген хабарламада.

"Ядролық сынаққа жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) XIV бабына сәйкес, Жапониямен бірге 9-шы Конференциясының теңтөрағасы болып саналатын, Қазақстан КХДР басшылығының бұл iс-әрекеттері ядролық қарусыздану, ядролық қаруды таратпау режимін және жаһандық қауіпсіздікті нығайту бойынша халықаралық қоғамдастықтың күш-жігеріне елеулі залал келтіреді деп есептейді, ЯСЖТШ-тың күшіне енуін қамтамасыз ету жөнінде әлем елдерінің басым көпшілігінің ұмтылысын жоққа шығарады", - деді ҚР СІМ өкілдері.

ҚР СІМ мәліметінше, Қазақстан ядролық қарудың қасіретін бастан өткерген, өз еркімен ядролық арсеналдардан бас тартқан және 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл халықаралық күні деп жариялаған БҰҰ Бас Ассамблеясы қаулысының қабылдануына бастама білдірген ел ретінде әлемдегі ядролық сынақтарға толық тыйым салынуын қолдайды және Қытай, Ресей, АҚШ, Корея Республикасы мен Жапонияның қатысуымен алтыжақты форматтағы ядролық проблема бойынша келіссөздерді дереу қайта бастауға шақырады. 

"Қауіпсіздіктің және тұрақты дамудың кепілі ядролық арсенал емес, кеңейтілген өзара тиімді ынтымақтастық, барлық мемлекетаралық қатынастардағы проблемаларды бейбіт келіссөздер арқылы шешу қажет деп сенеміз. Әлемді ядролық қарудан тазарту жаһандық қауіпсіздік кепілі болып табылады, біздің еліміз және 21-ші ғасырда адамзаттың басты мақсаты - ядролық қарусыз әлемді құруға шақырған Президент Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарудан бас тартуға үндейді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін КХДР сутегі бомбасының сынақтан сәтті өткізілгенін ресми түрде хабарлаған болатын. Өз кезегінде Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ сутегі бомбасының сынақтан өткізілуін қатаң айыптады. "Бұл біздің еліміз үшін үлкен қатер, бұл әрекетті ақтауға болмайды. Мұны қатаң түрде айыптаймын. (...) Бұл БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын бұзу болып есептеледі", - деді Абэ. Осыдан кейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шұғыл жиын өткізетін хабарлады. Жиналысқа АҚШ пен Жапонияның бастама көтергені айтылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro