Қазақстанға Қытай танкистері келді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстанға Қытай танкистері келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанға Қытай танкистері келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қытай Халық-Азаттық Армиясының танкистері "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты Аягөз қаласындағы 10810 әскери бөліміне келді. Қытай Халық Республикасынан келген делегацияны әуеайлақта Аягөз гарнизонының әскери бөлім командирлері мен мекеме басшылары қарсы алды.

"Меймандар Ресей Федерациясының "Алабино" полигонында өтетін танк биатлонынан әлем чемпионатына бірлескен даярлық бағдарламасымен танысты. Осыдан кейін Қытай армиясының өкілдері жақында танк биатлонынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің чемпионаты өткен "Майлино" трассасын көрді. Аспан асты елінің әскери қызметшілері шамамен бір апта қазақстандық әріптестерімен бірге жаттығатын болады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, танк биатлоны - әлемнің түрлі елдері арасындағы танкті жүгізу және танкке орнатылған негізгі және қосымша қарудан дәл ату шеберлігін көрсету бойынша экипаждар арасындағы жарыс. Тұңғыш рет танк биатлоны бойынша халықаралық жарыс 2013 жылы Мәскеу маңындағы Алабино полигонында өтті. Сол кезеңнен бастап қазақстандық әскери қызметшілерден құрылған команда жыл сайын үздік үштіктер қатарынан көрініп келеді және биыл олар өз жетістіктерін жетілдіруді жоспарлап отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro